16:47
Көркем сөздің құдіреті

ӨБЕКТЕУ

1. Жаны қалмау, асты-үстіне түсу, әлпештеу;

2. Жағымпаздану.

Мысалдар:

  1. Жақсыменен дос болсаң,
    Айрылмас күні қос болсаң,
    Басыңа қиын іс түссе,
    Алдыңнан шығар өбектеп,
    Жаныңа не керек деп.

    (Махамбет, Арғымақтан туған қазанат)
  2. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп, қамшыланып асыға жүріседі.
    (М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)
  3. Өзегім от боп күйгенмен,
    Өбектеп мені кім сүйсін?
    (М.Мақатаев, Өзіме)
  4. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да, ел қарасына ілесуге жарады.
    (Қ.Жұмаділов, Тағдыр)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 202 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: