17:17
Көркем сөздің құдіреті

ӘЛЕЙ

1. Ғажап, керемет;

2. Қатты, зор, көп.

Әлей болсын! — "сізге де соны тілеймін" мағынасындағы тілек.

Мысалдар:

  1. Бір мезгілде куатымды әбден жиып, жүрегімді тоқтатып алып батырды тік көтеріп алып, жерге қойып келіп жіберіп, кеудесіне мініп алдым. Өзіме-өзім сүйсінуім әлей болды.
    (М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)
  2. Қара көктің үйіріне де қызығуым әлей еді, бірақ мен қара айғырдың үйірін-ақ алайын.
    (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке)
  3. Неге үндемей тұр өзі?!.. Мылқау біреу емес пе?» деп ойлаған Ғалия, кім де болса тіл қатқысы кеп:
    — Жолыңыз болсын! — деді еңкейген бойын жазып.
    — Әлей болсын! — деді Балуан дауысын әдейі өзгерте сөйлеп...

    (С.Мұқанов, Балуан Шолақ)
  4. Ол мына қауырт етек алып бара жатқан әлейім жарыстың байыбына бара алмай, қайран қалып тұр.
    (Б.Соқпақбаев, Өзім туралы)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 195 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: