09:53
Ислам және медицина

АЛЛА ДЕГЕН СӨЗ ЖЕҢІЛ немесе АЛЬЦГЕЙМЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Алла Тағала пендесіне түрлі-түрлі сынақтар жіберуі мүмкін. Мұны Ата бин Әбу Рабах оқиғасынан байқауға болады. «Бірде ибн Аббас (р.а.) маған: «Мен саған жәннаттық болған әйелді көрсетейін бе?» - дейді. Мен: «Иә», - дедім. Ол: «Мына қара әйел кезінде Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Мен ауруым қозғанда есімнен танып құлап, денем ашылып қалады, мен үшін Аллаға дұға жасашы», - деді. Оған: «Егер қаласаң шыда, бұл үшін саған жәннат бар, ал егер қаласаң, Алладан сені сауықтырсын деп дұға жасайын», - деді. Ол: «Мен сабыр сақтаймын», - деді де: «Шындығында, мен (құлаған кезде) ашылып қаламын, Алладан мен ашылмас үшін дұға жасашы», - деп өтінді. Сонда (пайғамбар) Аллаға сол өтінішпен ол әйел үшін дұға жасады».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сырқат әйелге дерттен жазылудың жолын көрсетсе де, ол жәннат сыйын таңдап, өмірінің соңына дейін сабыр ететіндігін жеткізді. Бұл ауру эпилепсия болуы мүмкін.

Англияда бір парадемиктің басынан өткен қызықты оқиғадан үзінді. Парадемик – орта деңгейлі медициналық қызметкер мен жоғары деңгейлі медициналық қызметкерден бөлек, науқастың жүріп-тұруын, тамақтануын, тазалығын, жалпы режимін, тәртібін бақылайтын қызметкер. Сондай жас парадемиктің бірі психиатриялық диспансерде альцгеймер ауруымен науқастанған адамды қараған. Науқаста Альцгеймермен қатар, тотальді амнезия, кәрілік деменция диагноздары болған. Былайша айтқанда, ешбір оқиға есінде жоқ, танысын-туысын, тіпті өзінің кім екенін білмейді. Өзінің жеке тұлға, индивид екенін ескере алмайды. Ғылыми тұрғыда айтатын болсақ, когнитивті ми қызметі тоқтаған, ментальді ми функциясы істен шыққан. Парадемик ылғи науқас кісіні қарап, тамағын беріп, киіндіріп, үстін тазалап, ұйқыға жатқызады екен. Сонда науқастың бір қимыл-әрекетті жасайтынын байқаған. Бірақ басында еш мән бермеген. Уақыт өте келе зер салса, науқас сол іс-әрекетін күнделікті белгілі бір мезгілде қайталайтын болған. Науқас біресе тұрады, біресе жатады. Мұны бірнеше апта бақылаған парадемик уақыт бойынша ол кісінің қимылын аңдаса, науқас бұл әрекетін күніне бес рет жасайды екен. Міндетті түрде таңертең, түс ауа, талтүсте, күн ұяға батқанда және жатар алдында. Осы ым-ишараны әбден бақылаған парадемик, қасындағылардан, дәрігерлерден сұараса, бұл науқастың аурының белгісі емес екен.

Науқастың аты мұсылманша екен. Сөйтіп, парадемик жаңағы күнделікті жасалатын әрекетті зерттеген. Науқастың тұрғылықты мекенжайын іздестіре келе, «егер аты мұсылманша болса, мұсылмандардан сұрап көр» деген кеңес алады. Содан әлеуметтік желіде бір мұсылманмен танысып, жөн сұрасады. Чат арқылы сұрақ-жауаппен жағдайды дұрыс түсіндіре алмағандықтан ба, әлде сөйлесушінің дұрыс көңіл бөлмегенінен бе екен, өз сұрағына қанағаттанарлық жауап ала алмай, тағы бір мұсылманмен танысып, сөйлеседі. Нәтижеде, әлгі мұсылман науқасты өз көзімен көру керектігін айтты. Көп уақыт өтпестен мұсылман жігіт келіп, ауруды бір күн бақылап, жағдайымен танысқан соң, бұл пенденің Алланың парызы – намаз оқып жатқанын көріп, көзіне еріксіз жас алады. Парадемик аң-таң болып, абдырап қалады. Мәселенің мәнін әлгі жігіттен сұрағанда, намаз – Алла Тағаланың мұсылмандарға бұйырған парыз амалы екенін түсінеді. Құдайдың бұйрығын бұл науқас құлдың еріксіз, ессіз, ақылсыз болса да орындауында үлкен бір керемет дүние жатыр. Намаз ол біздің материалдық өмірден тыс, бұл дүние тіршілігінен де жоғары мәртебе болғандықтан, Алла ол науқастың фытратына (жаратылыс-болмысына), табиғатына, түйсігіне (инстинкт, түпсанасына) осы мархаматты орналастырған. Осы жағдайдан соң парадемик Алланың құдіреті шексіз екеніне иланып, иләһи жол іздеп, ақыр соңы тәухидті танып, исламға келген екен.

Осы Альцгеймер ауруына байланысты қызық бір жайт. Лафборо университетінің профессоры Иф некеде болған адамдар жалғызбастыларға қарағанда Альцгеймер ауруына аз ұшырайтынын жеткізді. Жеті жыл бойы 7000 науқасқа зерттеу жүргізген дәрігер осындай қорытындыға келіпті-міс. Дана халқымыз алжасу дертін баяғыдан болжап: «Жалғыз жігіттің басына іс түссе, ақылынан адасады» деген екен.

Сөз соңын Хәкім Абайдың өлеңімен аяқтасақ:

«Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: