22:35
Ислам және медицина

ДЕМЕНЦИЯ мен ДІН

Әбдусаттар ұстаздың бір сұхбатында неміс өкілінен қалай исламға келуін сұрағанда: «Мұсылмандар неге аз алжасады?» деген сұраққа жауап іздеген неміс ақыры діннің адамның сана-сезіміне үлкен әсер ететінін түсінген екен. Сөйтіп ислам дінін қабылдаған. Шынымен Толстой айтқандай: «Әрбір саналы адамның табан тірейтін жері ол – ислам».

Қазіргі аумалы-төкпелі заманда жасы ұлғайған адамның есінің кіресілі-шығасылы болуы қалыпты жағдай саналады. Мұны адамның жасының келуіне, қарттыққа жатқыза салады. Десе де, қартаюға бет алған бүгінгі таңда алжу (деменция) әлемдік деңгейде дабыл қағарлық мәселеге айналып шыға келді. Дамыған елдердің барлығында дерлік деменцияға шалдыққан қарттардың қарасы жылдан жылға артып отыр. Осыған байланысты бұл дерттен зардап шегетіндер саны да өскен. Алжу сырқатына шалдыққандар саны дамыған елдердің барлығында орта есептен асып кеткен.

2015 жылы елімізде деменция дендеген қарттар саны он пайыздан асқан. Осыдан бір ғасыр бұрын елімізде мұндай ауруға ұшырағандар тіпті сирек болатын. себебі еліміздегі азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 40-50 жастан аспаған еді. Яғни қартты кезеңге жетпей, суішерлігі таусылатын. Сол себепті деменцияны тек қарттарға тән деп айтуға болады. Десе де, соңғы уақытта бұл ауру да жасарып келеді. Қазір алпысқа жетпей алжығандар кездеседі. Бұған ақпараттар тасқыны, ақпараттық заман себепші болуы мүмкін. Негізгі айтарымызға көшсек, елімізде алжыған адамдар саны туралы нақты мәлімет жоқтың қасы. Өйткені бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізілмеген. Қарапайым адамдарды былай қойғанда, дәрігерлердің арасында да алжуды қарт адамға тән қалыпты жағдай санайтындар көп. Әдетте, дәрігерлердің жалпылама қорытындысында «энцефалопатия» деген диагноз қойылады: мидың қабынбаған ауруы. Осыған байланысты алжыған адамға ем тағайындалмай келеді. Алжудың алғашқы белгісі – ұмытшақтық. Адам осыдан ширек ғасыр бұрынғы не болғанын есіне түсіре алмауы ықтимал. Яғни оперативті жадысы зардап шегеді. Осыдан бірер сәт бұрын не істеп, не қойғанын ұмытады. Бұдан бөлек, аталмыш дертке шалдыққан адам шікәмшіл келеді, назар аударуға тұрмайтын болмашы нәрсе үшін тез өкпелейді, жиі құлазиды, сондай-ақ ұйқы режимі бұзылады. Көбіне таңды көзбен атырады. Бұл аурудың этиологиясы толық зерттеліп, зерделенбеген соң оған қандай ем қолдану керектігі де белгісіз. Сақтанып, алдын алу да мүмкін емес. өйткені аталған ауру қай уақытта басталатынын ешкім болжап біле алмайды, тіпті мамандардың өздері де бұл сырқат турасында шарасыз.

Адам ұзақ өмір сүрумен қатар саналы ғұмырың сапалы етіп өткізуге баса мән беруі керек. Сондықтан Мұхаммед мұстафа (с.ғ.с.): «Жас кезінде Құран оқыған адам қартайғанда есінен алжаспайды», - деуі арқылы ақыл-ес саулығын баяғыда қамтамасыз етіп қойған.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: