16:18
Ислам және медицина

ДҰҒА және МИ

Негізі Құран Кәрімде және пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі дерттерге шип болатын көптеген дұғалар бар. Бірнеше сүрелерді үш мәртеден қайлатап оқып, ауру кісіге үрленетін болса, Алланың қалауымен бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге жақсы көмектеседі. Оқылған Құран Кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін оқып жатқан адам бұған сеніп, бар ынта-жігер, ықыласпен, шын көңілімен сұрауы керек. Сонда ғана бұл жағдайлар бізге физикалық түрде әсерін береді. Оған мысал тоқсаныншы жылдары Томас Джефферсон атындағы медициналық университет ауруханасының дәрігері Эндрю Ньюьерг ондаған жылдар бойы неврология саласында діни және рухани тәжірибелер турасында зерттеу жүргізген. Дәрігер Ньюберг адам дұға етіп жатқанда оның медитация әсерін зерттеу мақсатында адамға көктамыр арқылы зиянсыз радиоактивті бояғыш енгізіп, әлгі бояғыш пигменттері шоғырланған мидағы қарқынды ошақтарды сканерлеу арқылы талдау жасады.

Ғалымның пікірінше, осындай белсенді ошақтардың болуы – рухани «нейробиологиялық ошақ» барын дәлелдейді. Қарапайым сөзбен айтқанда, Құдаймен байланысқа түсетін рухани орталық тек жүректе ғана емес, мида да екен.

Бұдан шынымен біз дерексіз деп санап жүрген кейбір тылсым тұс – дұғаның миға қалай әсер ететіні жайында білдік. Негізі, біздер, мұсылмандар сол жаңалықтарды ашып, істеп жүрген ісімізге, сенім білдіріп жүрген иманымызға қосымша дерек-дәйектер ретінде қолданамыз. Бірақ Алла Тағала айтты ма, біз: «Сәмиғна уә атағна» деп, естідік әрі итағат етіп, құп көрдік деп шүбәсіз орындаймыз. Ал осындай Алланың аяттарынан небір аяндар мен пайғамбар сүннеттерінен шықан сүбелі ойлар, денсаулыққа пайдалы істер біздің иманымызды тек қана қуаттайды, бірақ бастапқы яқинның, негізгі сенімнің орнын баспайды.

Жалпы алғанда Батыс ғалымдары, шетелдік әріптестердің ғылыми көзқарастары «материализм» платформасына негізделген. Олай дейтініміз, олар мидың ішінен рухани ілімді яки рухани тылсым күшті көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстамақшы. Күлкілі, дегенмен нәтижесіз деп те айтуға болмайды. Мысалы, Йель және Колумбия университеттерінің (АҚШ) ғалымдары ашқан жаңалықта адам миының самай бөлігінен «рухани (иләһи) сезімдер» орталығы табылған. Ол орталық тек рухани не діни сезімдер орталығы ғана емес, сонымен қатар әлемнің ұлылығын, адамның ғаламмен салыстырғанда жалғыздық сезімін, бірегейлігін, әлдеқайда күшті және басқа рухани нәрселермен байланысты екені туралы болжам бар. Зерттекшілер 27 жастағы адамдардан өз өміріндегі рухани не иләһи сәттерді есіне түсіруін және оларды сипаттауды сұрады. Барлық қатысушылар әртүрлі тәжірибе нәтижелеріне ие болғанымен, зерттеушілер өздерінің сана-сезім мен адамдармен қарым-қатынас жасау үшін жауап беретін төменгі ми бөліктерінде нейрондық белсенділік сценарийі бәрінде бірдей пайда болғанын байқады. Сонымен қатар мидың басқа екі аймағында – сенсорлық ақпараттар мен эмоцияларды өңдеуге жауап беретін таламустың орталық ядросы мен құйрықты денеде керісінше белсенділік төмендейді.

«Рухани байлық (дұға) – адам өміріне үлкен әсер ететін қуатты қайнар көз», - дейді зерттеушілердің бірі профессор Марк Потенца. «Мұндай рухани саулықтың нейробиологиялық негіздерін түсіну арқылы адамдағы психикалық бұзылыстар мен әртүрлі ауытқулар тәуелділік эағдайларында қандай рөл атқаратындығын анықтауға көмектеседі».

Шын мәнінде дұға – ол ғибадат. Дұғаның ең жарқын нәтижесі мынау: дұға жасаған кісі өзінің дұғасын естуші, мұң-мұқтажына жауап беруші Ұлы Құдіреттің бар екенін біледі. Өзінің осынау әлемде жалғыз, қорғансыз емесін түсінеді. Ол барлық нәрсеге құдіреті мен күші жететін, кез келген нәрсені әп-сәтте жарататын Жаратқанға мұңын шағу арқылы мойнындағы ауыр жүктен арылып, көңілі сергіп, жеңілдеп қалады. Дұға – ғибадаттың мәйегі, құлшылықтың негізі. Пенденің құлшылығы мен дұғасы болмаса, Құдай алдында нәпсісін тыймағаны. Бес күндік сынақ өмірді босқа өткізгені, ақыретін ойламағаны. Әрдайым «әумин» деп көтерілген білек, Құдайдан тілеген тілек қабыл болғай!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: