21:51
Ислам және медицина

ҚҰРАН мен КЕКІЛ

Неврология (neurologia, грек. neuron – жүйке, logos – ілім) – орталық және шеткі жүйке жүйесі туралы морфологиялық ілім. Адам мен жануарлар организмдерінің жүйке жүйесі дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің қызметтік біртұтастығын және олардың белгілі бір ортаға бейімделуін реттеп, басқарып отырады. Неврология ғылымының басты объектісі – ми.

Ми – (лат. «encephalon») адам мен сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық жүйке жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бас сүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Ғалымдардың соңы жылдардағы ми төңірегіндегі зерделеуі нәтижесінде жетінші ғасырда Құранда айтылған аятпен тікелей байланыс тауып, таңғалдық. VII ғасыр ғылымның өркен жаймаған дәуірі еді, алайда Құран сол кездің өзінде-ақ күрделі мәселені ғылыми ақиқатқа негіздеп, шындықпен түсіндірді. Сондықтан мұны Құранның ғажайыптығы деуге толыққанды негіз бар.

Нейрофизиолог ғалымдар өтірікті шімірікпестен айта беретін, бойын алдауға әбден үйреткен адамдардың бас миын ФМРТ-ға түсіру (функционалдық магниттік-резонанстық томография) барысында, мұның мидың алдыңғы бөлігінде орналасқан префонталдық ми қыртысы арқылы іске асатыны белгілі болды. Мидың бұл жердегі функциясы «мотивация мен жоспарлау әрі барлық қозғалыстардың бастамасы, яғни эмоционалды интеллект орталығы екендігі» анықталды.

Құранда былай дейді: «Жоқ! Егер де ол (Әбу Жәһл) (Пайғамбарды жәбірлеуін( доғармаса, сөзсіз, Біз оның кекілінен шап береміз, өтірікші әрі күнәһар кекілден» - деген (96:15-16).

Құранда адам басының алдыңғы бөлігі жалған және күнәлі ретінде сипатталған. Адамбасының алдыңғы бөлігінің өтірікшілікпен және күнәмен қандай байланысы бар? Қайбір зерттеуде ағылшын ғалымдары жалғанды жалпағынан басатындардың миындағы «миндалиналық зат» немесе «амигдала» деген анатомиялық құрылым өтіріктің орталығы болып шықты. Ол екі ағза, яғни мидың алдыңғы бөлігінің дәл артында орналасқан, періштенің екі саусағының тырнағына өте сәйкес келеді. Сол үшін кімде-кім өтірік айтып, күнәлі іс жасаған кезде алдыңғы ми бөлігін Құранда: «Өтірікші, күнәһар кекіл», - деп суайттығы мен күнәһарлығы үшін айтады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 39 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: