09:41
Ислам және медицина

ЖАРАҢ ЖАЗЫЛСЫН ДЕСЕҢ - ЖАНЖАЛДАСПА

Отбасындағы жанжал, ұрыс-керіс отбасы мүшелері үшін өте ауыр соққы. Тіпті күнделікті пікір қайшылығы мен келіспеушіліктің өзі денсаулыққа зиян екен. Жұбайлардағы жүрек жарасының жазылу барысын бақылаған америкалық ғалымдар осындай тұжырым жасап отыр. Жарты сағатқа ұласқан ұрыс сауығу үрдісін кәдімгідей бәсеңдетіп, иммунитетті төмендетеді екен.  Мамандардың айтуынша, жанжалдан туған отбасындағы жайсыздық жүрек ауруы бар жұбайлардың ажал құрығына ілігу қаупін екі есе ұлғайтатын көрінеді. Америкадағы Огайо университетінің ғалымдары «30 минуттық кикілжің жараның жазылуын тұп-тура бір күнге кешеуілдетеді», - деп мәлімдейді. Дау-дамай мен жанжал адам организміне кері әсерін тигізбей қоймайды, ол денсаулық үшін өте қауіпті. Зерттеушілер ерлі-зайыптылардың денсаулығына ұрыс-керістің тигізер әсерін байқау үшін сынақ өткізген. Сынаққа 22-77 жас аралығында 42 жұптан құралған екі топ қатысқан. Екі топтағы барлық жұптың қолдарының беткі жағына вакуумды насоспен әдейі жара түсірген. Бірақ шарт бойынша бірінші топтағы жұбайларға «мүлдем ұрыспау керек» деп ескертіліп, екінші топқа ештеңе ескертілмейді, яғни ешқандай ақпарат берілмейді. Сөйтіп әр күн бұл жұбайлардағы жаралардың жазылуын бақылаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейінгі қорытынды бойынша, екінші топтағы ерлі-зайыптылар өзара қату қабақ танытып, ұрысқан кезде, еркек пен әйел бір-біріне даыс көтеріп сөйлегенде жараның жазылуы анағұрлым кешеуілдеген екен. Жұбайлар ренжісіп, стресске ұшырағанда, олардағы жараның жарты сағатта жазылуы толықтай алғанда 60 пайызға кешіккен ғалымдар түсіндіруінше, стресс зақымданған жердегі қанның қабынуға қарсы ақ клеткалары өндіретін белок молекуласы – лейкоциттер, базофилдер, нитрофилдер, макрофагтар, цитокиндер мен интерлейкиндер сияқты биологиялық белсенді заттарды тежейді. Жараның алғашқы жазылу сатысындағы ең үкен рөлді осы қабынуға қарсы механизм мен хемотаксис (химиялық қозғалыс) атқарады екен. Бұл тұжырым стресс иммунитетті төмендететіндігін көрсетеді.

«Бұл, расында да, өте қиын мәселе», - дейді «Американың кардиология журналында» (American Journal of Cardiology) жариялаған Мақаласында Пенсильвания университетінің профессоры Джеймс койн. Отбасындағы үздіксіз болып тұратын ұрыс-керістер созылмалы стресске жетелейді. Бұл өз кезегінде жүрек ұстамасы бар жандар үшін анағұрлым қауіпті. «Дау-дамайдан құлақ тынбай, жиі ыдыс-аяқ сылдырлайтын үйде жүрек-қантамыры жүйесінде қандай да ақауы бар адамның ауруы асқынып, инсульт немесе инфаркқа шалдығып, өмірмен қош айтысу ықтималы екі есе көп», - деп жалғастырады профессор. Дәрігерлердің айтуынша, әйел мен ер арасындағы ұрыс-керістер балаларға да айтарлықтай кері әсерін тигізеді.

6500 балаға тексеру жүргізген британиялық ғалымдар үнемі әке-шешесінің ұрысына куә болатын жеткіншектердің жиі сырқаттанатынын анықтаған. Бұған қоса, стресске жиі тап болған балаларда өсу гармондары да бәсеңдейтін көрінеді.

Сондықтан Алла елшісі (с.ғ.с.) ерлі-зайыптылардың бір-біріне көңілі толмай, ренжіскен сәттерінде Алладан екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті одан әрі арттыруды сұрап, дұға етуге кеңес берген екен (Тәбийнул-Мәхарим).

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: