22:56
Ислам және медицина

АХЛАҚ АҚАУЫНАН БОЛАТЫН ПСИХОСОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР

Медицина ғылымы мен психология арасын дәнекерлейтін арнайы ғылымды «психосоматика» дейді. Психосоматика (гр. рsyce – жан, soma – тән) медициналық психологияның бір саласы, әртүрлі психологиялық факторлар себебінен пайда болатын соматикалық ауруларды зерттеп-зерделейтін ғылым. Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмде жауап беру реакциясын туғызады.

Физиология тілінде нейро-вегетативті және эндокриндік жүйе арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды. Психикалық созылмалы стресс елеулі фактор болып саналады, ол аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетативті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсенді болады да, одан әрі ішкі ағзалар мен жүйелердегі өзгерістерге әкеледі. Неше түрлі аурулар мазалай бастайды – невроз, жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу, зәр шығару жолдарының және қозғалыс белсенділігінің бұзылулары. Жастар арасындағы жүрек-қантамыр бұзылуына тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегетативті-қан тамыр дистониясы. «Жүрек неврозы» немесе функционалды бұзылуында жүректе тахикардия, қысқа аритмиялар, жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы болады. Осының бәрі жүйкеден, уайым-қайғыдан.

Психосоматикалық аурулар – жедел және созылмалы сипаттағы психотарвматикалық уайымдар, адам мұндай жағдайда созылмалы стресс кесірінен жаралы колит, язва, астма ауруларына шалдығып, гипертония, стенокардиядан зардап шегеді. Ишемия, инфаркт, инсульт болуы да мүмкін. Исламда «ахлақ» деп – мінез-құлық тәрбиесін айтады. Дұрыс ақида мен шариғат қалай маңызды болса, мінез-құлық тәрбиесі де сондай маңызды.

«Ахлақ ақауы» деп нашар мінез-құлықты меңзеп отырмыз. Нашар мінездің барлығы үшін ортақ шара – оның себебін, неден екенін және зиянын, оны болдырмау, алдын-алу шараларын білу. Нашар мінез-құлықтың кесірінен адам өзіне ауру тауып алатынын кейін іздене келе немесе бір жол көрсетуші ғалымның, ұстаздың айтуымен түсінеді.

Адамның рухани тазаруы – оның физиологиялық аурулардан айығуының кепілі. Жалпы әлемдік діндерде де бұл константа (заң) баяғыдан бар. Тіпті Қытайдың, Шығыстың құпия ғылымдарынан да осы тезисті байқауға болады.

Жаман мінездің алпыс түрі мәшһүр. Әрбір мұсылман өз бойындағы барлық жаман мінезден арылып, орнына жақсы, көркем мінез қалыптастыруы, орнықтыруы керек. Жаман әдеттің бірнешеуін ғана тастап, бойына жақсы әдеттің біразын қалыптастырумен пенде көркем мінезді болып кетпейді.

Жүрек аурулары мен ахлақ (мінез-құлық( араларында тікелей қатынас барын ғылым мойындап қойды. Жүрек ауруларының алдын-алу бойынша Еуропалық кардиологтар қоғамы қайта шығарған ұсыныстарда осы психоәлеуметтік (социалды) мәселелерге үлкен көңіл бөлінуде. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділік, қайырымсыздық, қаталдық сияқты теріс әрекеттері жүректі зорықтыратыны әлдеқашан анықталған. Негізі, нашар мінез-құлықтың кесірінен болатын олқылықтарды оңалту Құран мен хадистен бастау алған. Біздікі тек бұқараға бүкпесіз жеткізу ғана.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: