21:50
Ислам және медицина

ЖҮРЕК ТУЛАСА – КІРПІК СУЛАНАДЫ

Жедел-жәрдем қызметінде жүргенде, артериалды гипертензиясы бар науқастарға көп баратын. Осы диагнозбен шақыртулардың көптігіне қарап, адамдардың барлығы осы дертке шалдыққан ба деп те ойлайсың. Жүрек-қан тамыр жүйесі жайлы тақырып қозғалса, әрине, ойға алдымен артериалды гипертензия келеді. ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, қазір бүкіл жер бетіндегі ересек адамдардың 3/1, яғни бір миллиардқа жуығы гипертензиядан зардап шегеді екен.

Сонда ылғи бір көрініс ойландырады. Әдеттегідей үлкен кісілерге медициналық жәрдем көрсетуге шақыртуға барғанда қан қысымы көтеріліп жатқан кісілердің көпшілігіне жәрдем беруге ұмтылғанда көздерінен бір тамшы жас байқалатын.

«Жақсы сөз – жанға шипа» демекші, «Болды жыламаңыз енді, еш уайымдамаңыз, қазір қолдан келгенше көмек көрсетеміз», - деп жұбата бергенде: «Жоқ, жыламаймын ғой, бірақ, жас еріксіз түрде көзімнен ыршып шығып жатыр», - деп ақталып жататын. Кейін мұның себебін ойлап қараса, жүрек туласа – кірпік суланады екен ғой» осындай жүрегі ауыратын, қан қысымы жиі көтерілетін адамдардың рухы, иманы, ішкі әлемі еріксіз түрде жас арқылы сырқаттың сырын білдіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: