16:18
Ежелгі - Тұрансың, бүгінгі - Қырансың!

АЙНАЛАЙЫН, ҰЛЫ ДАЛА – ҚАЗАҚ ЕЛІ

 

Алты Алаш айбатынан жаралған,

Алауынан Желтоқсанның қуат алған.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Аждаһаның аранынан босанған.

 

Отарлау һәм езгіге де шыдаған,

Қайран қазақ жас емес, қан жылаған.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Қырандайын бүгін еркін парлаған.

 

Қазақ халі шектелді де байланды,

Хандық құлап, ояз-болыс сайланды.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Бодандықта аман қалған нең қалды?!

 

Қасиетті дінге қыспақ жасалды,

Дарқан дала жыртылды да оталды.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Осы таңда өркендеуге бет алды.

 

Қазақ тілі мәртебеден айырылды,

Діл қанаты омақаса қайырылды.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Тіл де, діл де пырақтауға күш алды.

 

Атаулары қазақтың ұмытылды,

Арыстары Алаштың опат болды.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Әманда біз тілейміз ақ жолды.

 

Еркіндікте шарықтасын Қыранымыз!

Жасай берсін «Алаш!» атты ұранымыз!

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Қазақстан – ежелгі Тұранымыз!

 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 631 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: