ҚАМШЫ

Әлбетте, ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы һәм рухани зердесінде кәдімгі қамшымыз ерекше орын алып келген. Бұл күндері оған тереңірек ой жіберсек осы бір шағын ғана дүниенің атқарар қызметінің сан алуан түрлеріне тоқталмай кетуге мүлде болмайтын жайлар бар екен. Өйткені қазақ өмірінде қамшы – өнер туындысы, қамшы – рухан қуат-күш, қамшы – сый-сияпат, қамшы – жігіт пен қыз сәні һәм салтанаты, қамшы – азамат айбыны мен айдыны, қамшы – шебер қолдың айғағы, қамшы – алса қару, қалса мұра екенін білетіндер де бұл жалған дүниеде азайып келе жатқаны бекер емес. Демек, қамшымыз тек ат айдайтын құрал ғана емес, айта алсақ, сөйлете білсек мақнатарлық-ақ қасиетті әрі қастерлі қазына тобына жататын әмбебап дүние екенін анық көреміз. Бұрынғы ақын, әнші, сал-сері мен мырзалар, жақсылар мен жайсаңдар, сұлулар мен сырбаздар, тіпті кез келген қазақ осы қамшыны жанына жақын серік еткен. Қамшыны ауызға алмай өлең, жыр а ... Читать дальше »

Просмотров: 779 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/12/2015 | Комментарии (0)

КҮН САНАУ ХАҚЫНДА

Дүйсенбі. Қазіргі есеппен алғанда аптаның басы. Біздің халқымыз үшін жақсы күн деп бағаланады. Әр адам жұмысын табысты аяқтауға күш салады. Бұл күні сапарға шыққан, сауда жасаған адамның жолы болады. Құрылыс үшін де сәтті күн. Тырнақ алған адамның ақыл-ойы артады, күш-қуат қосылады.

Дүйсенбі күні жаратылған бала ақылды, жақсы әрі ергек болады.

Дүйсенбіде Жер мен Көк жаратылған. Осы сәтті күні адамзаттың ұлысы, Алланың соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбар туып һәм осы күні қайтыс болған.

Сейсенбі. Сәтсіз күн деп саналады. Бұл күні қазақтар жолға шықпайды. Той өткізбейді, неке қимайды, іс бастамайды. Қауіп-қатерден сақтанып жүреді. Дегенмен тиісті еңбектен, бастаған жұмысынан қол үзбейді.

Дінде қанды күн, яғни Абыл Қабылды өлтірген күн. Тырнақ алған адамның реніш, қайғысы көбейеді.

Бұл күні жаратылған бала мейірімсіз, қатігез болады ... Читать дальше »

Просмотров: 867 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/12/2015 | Комментарии (0)