17:01
Ежелгі - Тұрансың, бүгінгі - Қырансың!

БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІНДЕ

Бейбітшілік бесігінде тербеледі даламыз,

Биік-биік үйлерімен аспандауда қаламыз.

Өркендей бер Тәуелсіздік тұғырында Қазақстан,

Бір өзіңді мақтан тұтар ұланы біз боламыз.

 

Бәйтерегі биіктеген Астананың төрінде,

Алатауға бауыр болған Алматының өзінде.

Елжандылық қасиеті киелі ғой әрқашан,

Алтын күнді аялаған Қыран-Бүркіт көзінде.

 

Бес жүз елу жыл толып отыр Қазақ хандық құрғалы,

Керей менен Жәнібек хандар оның басында тұрғалы.

Үш ғасырда шарықтады, аспандады биіктей,

Ел басынан өтті күндер төкпелі де аумалы.

 

Қасым ханның қасқа жолы жетеледі қазақты,

Есім ханның ескі жолы көрсетпеді азапты.

Хақназар, Тәуекел, Жәңгір танытпады осалдық,

Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болашаққа жол тартты.

 

Ұлы Жеңіс, міне, биыл жетпіс жасқа толуда,

Ардагерлер жан-жүрегі ерекше бір толқуда.

Қас дұшпанға бой бермеді болашақтың қамы үшін,

Құрметтеуде жеңімпазды тәрбиелі ұл-қыз да.

 

Қан майданда етігімен су кешті ғой сарбаздар,

Елден жырақ, үйден алыс суық пенен қамбазда.

Еуропаны фашистерден бір адамдай тазартты,

Алаулаған Жеңіс туын желбіретті Рейхстагта.

 

Талай ұлтты туысындай бауырына басқан ел,

Халықтардың ынтымағы маңызымен зор, кемел.

Асқаралы Ассамблея жиырма жасқа толды биыл,

Достығымыз, бірлігіміз жасай берсін талай жыл.

 

Қуғын-сүргін көрген ұлттар сая тапқан бұл мекен,

Қазақстанның жүрегінде құдайшылдық бар екен.

Жер де берді, үй де берді жапа шеккен ұлттарға,

Жерұйықтай жанға жайлы Қазақ елі – әнмекен.

 

Жиырма жасқа басты құжат – Ата Заң да толады,

Конституцияны құрметтеуге үлкен себеп болады.

Азаматтық тұғырымызды тұрақтатсын әрдайым,

Қадірлеуге Ата Заңды, жас ұландар, біз дайын.

 

Алтын Күннің шуағымен дами берсін еліміз,

Қыран-Бүркіт қырағылығымен аман болсын жеріміз.

Егемендік, Тәуелсіздік қос пырақтай самғатсын,

Қазақ елі, Қазақстаным биіктерге жол тартсын.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 635 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: