18:27
Ел мен елдіктің тұғыры

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН, ШАРЫҚТА!

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 21 жыл толып отыр. Елбасы биыл осынау мемлекеттік маңызы бар мереке қарсаңында ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағыт-бағдардың негізгі тетіктерін зиялы қауым алдында, миллиондаған қазақстандықтар назарына жар етті. Демек, еліміз қадау-қадау мақсаттарды ірі қадамдар арқылы енсеріп келеді.

Жылдағы игі дәстүр бойынша Бесқарағай ауылында да мереке күні қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан, шарықта!» атты салтанатты жиын \әм мерекелік концерт үйлескен кешенді шара ұйымдастырылды.

Бесқарағайлықтарға аудан өкілі ретінде Лебяжі ауданы әкімі аппаратының бастығы Әбетжанов Д.Е. ат басын тіреді. Шараның салтанатты бөлігінде өз алдына сөз алған Дулат Ермекұлы ауыл тұрғындарына жүрекжарды тілегін білдірумен қатар, қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық аренадағы беделді де белсенді тұғырын нақты дәлелдер жүзінде айқындап өтті. Сонымен қатар Бесқарағай ауылында аймағымыздың өсіп-өркендеуіне ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек жасаған һәм жасап жүрген мынадай азаматтарына: Алкеев Балташ Рамазанұлы, Асанов Қанат Қайроллаұлы, Гонароа Наталья Петровна, Қабдуова Көкен, Қасенов Қаблен, Миникеев Ермек, Оспанова Жазира Шакеновна, Темірғалин Сәдібек Әжіғұлұлы, Тюлюмбаева Жаңылқан Қонышбаевна, Кунбаев Қайролла – Қазақстан Республикасы Павлодар облысы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы өкіміне сәйкес «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен салтанатты түрде марапаттап, табыс етті. Ал ауыл әкімі Балтабаев Е.Н. Тәуелсіздік хақында мазмұнды баяндама жасағаннан соң, бірнеше ауыл тұрғындарына ауылдың экономикалық-әлеуметтік өміріне қосқан қомақты үлесі үшін Алғыс хаттар мен Мадақтама грамоталар табыстады.

Концерттік бағдарламада Берден Ш. Домбырамен тамаша қазақ әнін әуелетсе, Жанпейісова М.Ғ. қазақ күйіне ерік берді. Ал Сейітов Л.Қ., Ибраһим Б.К., Дөненбаева Д., Темірғалин С.Ә., Молокова Л.И., Байғожина Г.Т., Ахметов Қ.А. қазақша, орысша әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендер ықыласы һәм қошеметіне бөленді.

Сайып келгенде, ауа райының осыншама суықтығына қарамастан бесқарағайлықтар биылғы Тәуелсіздік мерекесіне мейілінше жиналып, таң-тамаша қанық болды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 944 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: