16:15
Білгенге - маржан

ҚАЗАҚЫ САЛТ-ДӘСТҮР

  • Абысын асы – абысындардың бас қосып көңіл көтеруі, дастарқан жасап шай ішуі.
  • Асату – үлкен кісілердің балаларға табақтан ет асатуы.
  • «Айырылысар көже» - тату көршілердің, ағайындардың ірге көтергенде беретін сый-тамағы.
  • Бастаңғы – әке-шешелері сапарға шығып кеткенде үйдегі жастардың дәмді тағамдар дайындап бас қосу салты.
  • Байлау – тауып алған затты біреуге сыйлау.
  • Биебау – бие алғаш байланғанда жасалатын салт.
  • Біз шаншар – құдалық дәстүр.
  • Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.
  • Наурызкөже – Наурыз мерекесінде әзірленетін, міндетті дәстүрлі тамақтар.
  • Көгентүп (көгендік) – балаға малдан, төлден берілетін ескерткіш, сый.
  • Киіт – құдаларға берілетін киім, бұйым (кәде).
  • Кеусен – егіншілердің өнімінен ауылдастарына, ағайындарына беретін үлесі.
  • «Келі түбі» - тары түйгенде берілетін үлес (кәде).
  • Көгентой – құлын, бұзау, қозы-лақ алғаш байланғанда, көгенделгенде берілетін дәм.
  • Белкөтерер – қарт кісілерге, аурудан тұрғандарға арнап әзірленген, дәмді тағамдар.
  • Қалжа – жас босанған әйелдерге берілетін сый-тағам.
  • «Құйрық-бауыр» - құдаларға берілетін салт табағы.
  • «Қазан шегелеу» - қонақ болуды меңзейтін сөз (дәстүр).
  • Қарашаңырақ – үлкен үй, қасиетті деген ұғым. Ата-бабадан қалған үйді «қарашаңырақ» дейді.
  • Қонақасы – қонаққа берілетін тағам.
  • Қамшы тастау – «сөз сұраймын» деген белгі.
  • «Қой басты» - киіз басқанда жасалатын дәстүр. Бұған арнап тағам дайындалады.
  • Тулақ шашу – жүн сабағанда, түткенде жасалатын рәсім.
  • Туырлық тілу – кекті, өшті адамдардың қарсыластарының туырлығын тіліп күш көрсетеді.
  • Тымаққа салу – шала туған балаларды тымаққа салып өсіретін, бағатын халық дәстүрі.
  • «Тұсаукесер» - жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүру үшін жасалатын салт.
  • «Тоқымқағар» - жас бала алғаш сапарға шыққанда жасалатын салт, дастарқан жаю.
  • «Қымызмұрындық» - алғашқы қымызды ауыл адамдарын шақырып беретін салт.
  • «Түйемұрындық» - ұзатылып келе жатқан келіншек көшінен алынатын кәде.
  • «Сірге мөлдіретер (сірге жияр)» - бие ағытылған соң соңғы қымыздан ауыз тигізу дәстүрі.
  • Сауын алу – малы жоқ адамдардың ағайындарының уақытша сауынға бие, сиыр алып саууы.
  • «Ұйқыашар» - Наурызда т.б. мерекеде жастардың түнде ұйықтамауы үшін әзірленетін тағам.
  • Шаңырақтүйе – ұзатылып келе жатқан қыздың көлігі.
  • Шідерге сигізу – еркек балалар малсақ, шаруаға икемді болсын деп жасалатын дәстүр.
  • Шашыратқы – мал күйекке түскенде «төл көп болсын» деп жасалатын дәстүрлі тамақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 753 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: