КҮМІС АМФОРАНЫҢ ОДИССЕЯСЫ

1904 жылы ФИФА-ның құрылуына негізгі ұйытқы болған, футбол интернационализмінің дамуына іргетас саналған, әлемге осынау спорт түрінің қалыптасу жолында тартысты жарыстарды ұйымдастыруда бірталай керемет ойлар мен тамаша ойыншылар һәм функционерлерді ұсынған кәрі құрлық Еуропада 1954 жылға дейін өз алдына құрлықтық конфедерациясы, 1958 жылға дейін ұлттық құрама командалар арасындағ аймақтық жарыстары болған емес дегенге сену қиын. Десе де 1916 жылдан Оңтүстік Америка біріншіліктері, 1956 жылдан бастап Азия біріншіліктері, 1957 жылдан бастап Африка біріншіліктері үзбей өткізіліп келді. Тағдыр таразысы солай болған шығар, еуропалықтар алдымен әлемдік футбол мәселелерін шешті де, артынша құрлықтық сұрақтардың жауабын табуға кірісті.

Еуропалық ұлттық құрамалар үшін өз алдына жарыс өткізу идеясын сонау 1927 жылы француз футбол федерациясының бұрынғы Бас хатшысы Анри Делоне ФИФА-ның кеңестемесінде ұсынған еді, ол онд ... Читать дальше »

Просмотров: 721 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ШАШТАРАЗҒА ЗӘРУЛІК

Бесқарағай ауылында тұрмыстық үйдің жабылғаны қашан. Содан бері қарапайым тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету: шаштараз, аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы оңдау – жүйеге қойылмады.

Халық саны күрт азайып кеткеніне қарамастан, әсіресе шаштаразға деген зәрулік қатты сезіледі. Шаш қою үлгісі саябырсығанмен, мектепке дейінгі һәм мектеп жасындағы ұл балаларға жеңіл тиіп жатқан жоқ.

Шаштары өсіп кеткен балалар берісі он екі шақырым қашықтықта жатқан аудан орталығы Аққуға, арысы аймақ орталығы Павлодар шаһарына баруға мәжбүр. Астында көлігі барларға жеңіл. Ал ондай ұзынды-қысқалы мекенге өздігінен барып келуге мүмкіндігі шектеулілерге тіптен оңай емес. Айталық, аудан орталығы мен ауыл арасындағы жолға кем дегенде 400 теңге, ал қала мен ауыл арасындағы жолға кем дегенде 1500 теңге қаражат керек, оның үстіне өсіп кеткен шашты қысқартуға ең азы 600-800 теңге аралығындағы ақша қажет. Қисынға салмай-ақ көрініп ... Читать дальше »

Просмотров: 625 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

БҰЗЫЛҒАН ҚИРАНДЫЛАР

Бесқарағайдың ауыл болғаны бүгін емес. Тарихқа көз жүгіртсек, келесі жылы сексен бес жылдың жүзіне айналады екен. Барсакелмеске кеткен Кеңес Одағы кезінде атақты солтүстік меринос асыл тұқымды қой өсірумен даңқы артып, атағы абыройланған кеңшарлы ауылдың халық саны әжептәуір азайып, тігінен-көлденең орын тепкен көшелерінің келбет-сымбаты сиреп қалды. Дейтұрғанмен жалғыз елді мекеннің Қызылағаш ауылдық округі деген зор құзыры бар. Таңын таңға соғып, өз тірлік-тіршілігін кешуде.

Ішке келгеннен гөрі, сыртқа қоныс аударып жатқандардың үлес салмағы басым. Ауыл әкімі жыл сайын беретін тұрғындар алдындағы есебіндегі сандар осыны айғақтайды. Көшіп кеткен тұрғындар үй-қоныстарын көбіне сатып кетеді. Ал сатып алғандар ертеде қамыстан, құралмалы тақтайдан бой көтерген үйлерді бұзып алады. Бұзғанда іске жарамды тақтай-ағашын, шатырын бұзып алады да, қамысы ырсиып қалған қабырғаларын сол күйінде қалдырып кетеді. Ал ол кезегінде ... Читать дальше »

Просмотров: 656 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ТЕСТ ШЕШУДІҢ ҚАНДАЙ ТЕХНИКАЛАРЫ БАР?

Цицерон: «Барлық үлкен істер кішкентай бастамалармен болады», - деген. ҰБТ-ға дайындалғыңыз келсе, алдымен тест сұрақтарын шешуден бастаңыз. Жалпы саны 125 сұрақтан тұратын ҰБТ-да табысқа жету дайындық барысында шешілген жүздеген, тіпті мыңдаған сұрақтың нәтижесінде қалыптасқан білімге байланысты. Тәжірибе – ең маңызды табыс, өйткені әрбір сұрақ сізге нағыз үлкен сыақ алдында тәжірибе береді. Сынақта сұрақтарды көріп, не істерін білмей, абыржып отыратын талапкер болғыңыз келе ме, әлде өзіне сенімді тәжірибелі талапкер болғыңыз келе ме? Сұрақтар – тосқауыл емес, керісінше, тосқауылдарды аттап өтуге көмектесетін құралдар.

ҰБТ-ға дайындалған барлық оқушының бір ғана мақсаты бар: ол – табысқа жету. Алайда оқушылардың барлығы сынақан сүрінбей өту үшін дайындалу керектігін біле тұра, керегінше дайындалмайды (дайындала аламайды), өйткені олар үшін мәжбүрлі іс емес, таңдаулы іс ... Читать дальше »

Просмотров: 690 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ҚҰЖАТТАНДЫРУ МАШАҚАТЫ

Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай ауылында осымен он бірінші жыл өмір сүріп отырған Тиссен Елена Анатольевна есімді жалғыз басты тұрғын бар. Соған қарамастан «Қазақстан Республикасы азаматы» екенін жеке басын куәландыратын төлқұжаты болмағандықтан, қатарда бар, санда жоқтың тауқыметін тартып келеді.

Қырық үш жыл бұрын Май ауданына қарасты Көктөбе елді мекенінде дүниеге келген Елена тағдырдың жазуымен 2000 – 2005 ж.ж. аралығында Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасу ауданы Анисимовка ауылында тұрып, көрші елдің тең құқылы азаматы атаныпты. Бірақ жанұялық жағдайымен 2005 жылы Қазақстанға оралып, Бесқарағай ауылында тұрақтапты.

Ресей жерінде өмір сүрген кезде 2001 жылы Қарасу ауданында Галина есімді, ал 2003 жылы Новосібір қаласында Ольга есімді қыздарын дүниеге әкеліпті. Демек, қос бірдей қызына ресейлік үлгідегі туу туралы куәліктер алды.

Қазақстанға келгеніне бақандай он бір ... Читать дальше »

Просмотров: 588 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ЖІГЕРЛІ һәм ШЫМЫРЛЫЛАР

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты оқушылардың еркін-қазақ күресі спорт секциясының жұмыс істеп тұрғанына биыл екінші жылға айналды. Оған жетекшілікті аталмыш мектептің дене шынықтыру мұғалімі әрі спорт нұсқаушысы Ж.Түсіпов абыроймен жасап келеді.

Жақан Сүйіндікұлының айтуына қарағанда, осынау секцияға бас-аяғы 8-10 ұл бала ұдайы қатысады. Олардың дені – 2003 жыл мен 2006 жыл аралығында дүниеге келгендер.

Мектепте секцияны сапалы жүргізуге мүмкіндігінше жағдай жасалған. Асқан қызығушылық танытқан ұлдар дайындықтарды босатпауға барын салады. Әсіресе 3-сынып оқушысы Қали Ерболатты, оның туған ағасы, 5-сыныпта оқып жүрген Қали Нұрболатты, 5-6 сыныпта оқитын ағалы-інілі Тұрсын Рамазан мен Тимурды, 6-сынып оқушысы Ерайын Серікболды, 8-сынып оқушысы Жунусов Эльдарды айырықша атап өткеніміз абзал.< ... Читать дальше »

Просмотров: 593 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

АЛУАНЫҢ АСУЛАРЫ

Әлбетте, өнерлінің өрісі кең. Туа бітті дарынды баланың болашағы жарқын екен. Тек осынау қасиет-қабілетті уақытында танып, ілгерілетуді адымдатса болғаны. Ал мұндай қадамның ұшар басында ата-ана, тәрбиеші, ұстаз тұрады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп астарлайтынымыз да осы емес пе.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оныншы сыныбында оқып жүрген Увакова Алуа – қатардағы екпінді оқушының бірі. Десе де әншілік дарындылығымен балдырған кезінен-ақ танылып, сахна төріне үзбей шығып жүрген бүгінгі бойжеткеннің асығы алшысынан түсіп жүр.

Бастапқы кезде ән шырқауды үйретуде күміс көмей әншілік өнерімен аудан-ауыл аумағында танылып үлгерген нағашы апасы Сейітова Ләйлә тер төкті. Сахна төріне өзімен бірге шығарып, дуэт болып бірнеше әнді қайырды. Ал орта буында оқып жүрген уақыт аралығында аталмыш оқу ордасының музыка пәні мұғалімі Ахметов Қуаттың атқарған еңбегі зор. «Жас ұлан» бала ... Читать дальше »

Просмотров: 632 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ОЙ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ ЖӘНЕ ОЙДЫ ҚАЛАЙ ЖИНАҚТАЙДЫ?

Сабақ оқығанда, ойды жинақтай білу дағдыға байланысты. Кішкентай кезінен бастап бұған дағдыланбаған оқушылар есейгенде де сабақ оқығанда, ойын жинақтай алмайды.

Сабақ оқығанда, ойды бөлетін маңызды екі себеп бар, олар:

  • Сабақ оқу дағдысының олмауы;
  • Ойды мазалаған басқа себептердің болмауы.

Сабақ оқуға деген құлшынысы болмаса, табысқа жету де соншалықты қиындай түседі. Сабақ оқығыңыз келмесе, онда ол – басқа нәрсе жасағыңыз келіп тұр деген сөз. Алдыңызда екі таңдау бар: сабақ оқу немесе оқымау, қайсысын таңдасаңыз да, екеуінің де қандайда бір нәтижесі, салдары болады. Қайсысын мойныңызбен көтере алсаңыз, соны таңдаңыз.

Сабақ оқыған кезде, «басқа оқушылардан төмен ұпай жинау, сынақтан нашар баға алу» секілді ойлар сізді мазалайтын болса, бұл ойлардың қыспағынан құтылудың жолын қарастыруыңыз керек.

Қызығушылығыңы ... Читать дальше »

Просмотров: 668 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ САҚАЛДАНЫП КЕТТІ

Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай елді мекенінде мешіттің салына бастағанына төр-бес жылдың жүзі болып қалды. Басында тәп-тәуір тұрғызыла бастаған Құдай үйі соңғы үш жылда мүлдем тұралап қалғаны қынжылтып отыр.

Жекелеген тұлғалардың қаржылық күш-қуатымен салынып жатқандықтан, мешіттің құрылысына қатысты мәселе әкім есебінің де, жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиын-жиналыстардың да күн тәртібінде қарастырылмайды.

Күмбезі мен қабырғасы көтерілген мешіттің салынып бітуіне әлі де көп уақыт керек. Қазіргі таңда осынау игілікті істі қолға алған жекелеген тұлғалардан мардымды ілгерілеу байқалмайды әзір. Қашан қозғалары тағы белгісіз.

Мешіттің құрылысына жан бітіру үшін, менің қарапайым ойымша, арнайы есеп-шот ашып, осынау құрылысқа бей-жай қарап қалмайтын азаматтардан қаржылай көмек сұраған жөн. Сонымен қатар аудандық мешітпен ақылдасып, ортақ қимыл-әрекет жасау да артық болмас. ... Читать дальше »

Просмотров: 606 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ЖОЛ  МӘДЕНИЕТІ

Ғұмырында жолда жүрмейтін, жолға шықпайтын адам жоқтың қасы шығар. Алыс-жақын жерлерге, әуе һәм суды айтпағанда, темір не тас жолмен барып-қайту – қашаннан қалыптасқан заңдылық, тәртіп. Пойызбен болсын, автобуспен болсын, көлемі түрліше келетін басқа да авто һәм мото көлікпен болсын, тіпті велосипедпен болсын діттеген мекенімізге жетеміз. Айтпағым – осынау сапарлардағы жол мәдениеті.

Жайшылықта түкке де тұрмайтын әңгіме болып көрінетін жол мәдениеті, анығында, әрбірімізді бей-жай қалдырмауы тиіс. Жолда жүрген жолаушының көзі сол жол бойындағы жиекке бірден түседі. Көлік терезесінен қараған қос жанарға бей-берекетсіз шашылып жатқан кезейін-шыны-қаңылтыр бос құтылар, кептірілген нан не картоптың түрлі-түсті орамалары, темекінің бос қорапшалары, полиэтилен пакеттер бірден ұшырайды. Сол сияқты қайсыбіреулер жол үстінде құтты жеріне қондырған сыраның бір емес, бірнеше құтысын тас жолдың дәл шетіне қалдырып жү ... Читать дальше »

Просмотров: 596 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

САБАҚ ОҚУДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ШАРТТАРЫ

Денсаулық

Сабақ оқу үшін денсаулыққа көңіл бөліңіз, яғни дұрыс тамақтануға, жеткілікті ұйықтауға, белгілі бір уақытта спортпен шұғылдануға және сабақ оқу кезінде ағзаңыздың қажетінше тынығуына көп мән беріңіз.

Сабақ оқуды сүю

Өзіңіз ұнатпаған асты көп іше алмағаныңыз секілді, сабақ оқуды сүймесеңіз, онда сабақты көп оқи алмайсыз. Сабақ оқуды сүйікті іске айналдыратын ең маңызды қадам – алға қойылған нақты бір мақсаттың болуы. Яғни «Қалай сабақ оқимын?» деген сұраққа жауап табылу керек. Сіз үшін сабақ оқудың мән-маңызы бар болса, сабақ оқуды сүйетін боласыз.

Сабақ оқу техникасын білу

Сабақ оқудың тиімді тәсілдері жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың кейбір сабақ оқу техникаларын қолдану арқылы табысқа жеткенін анықтады. Оқушылар кейбір техникаларды қолдана отырып, құлшынысын ... Читать дальше »

Просмотров: 682 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚЫ САЛТ-ДӘСТҮР

  • Абысын асы – абысындардың бас қосып көңіл көтеруі, дастарқан жасап шай ішуі.
  • Асату – үлкен кісілердің балаларға табақтан ет асатуы.
  • «Айырылысар көже» - тату көршілердің, ағайындардың ірге көтергенде беретін сый-тамағы.
  • Бастаңғы – әке-шешелері сапарға шығып кеткенде үйдегі жастардың дәмді тағамдар дайындап бас қосу салты.
  • Байлау – тауып алған затты біреуге сыйлау.
  • Биебау – бие алғаш байланғанда жасалатын салт.
  • Біз шаншар – құдалық дәстүр.
  • Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.
  • Наурызкөже – Наурыз мерекесінде әзірленетін, міндетті дәстүрлі тамақтар.
  • Көгентүп (көгендік) – балаға малдан, төлден берілетін ескерткіш, сый.
  • Киіт – құдаларға берілетін к ... Читать дальше »
Просмотров: 749 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)

ҚҰЛШЫНЫСТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

  • Міндетті түрде жасалатын істерді орындаңыз да, қалаған нәрсеңізді өзіңізге марапат ретінде беріңіз: Егер үнемі жасалу керекті істерді жасасаңыз, міндетті түрде табысқа жетесіз. Алайда мұндай істерді жасау кезінде өзіңіз қалаған біршама нәрсені жасаудан бас тартқан боларсыз. Мұндай сабақ оқу үрдісі сізге ұнамауы мүмкін, себебі адам қалаған нәрсесін істесе, бақытты болады. Алайда тек қана қалаған нәрселеріңізді жасасаңыз да, жетістікке жете алмайсыз. Олай болса, істелетін ең жақсы нәрсе: алдымен жасауыңыз керекті істерді орындаңыз, содан кейін қалаған нәрселеріңізді жасаңыз. Мысалы, қатты көргіңіз келген бір фильм бар болса, өзіңіз белгілеген бір апталық межеге жеткен кезде, кинотеатрға барып, өзіңізді марапаттаңыз;
  • Бір істі үйреншікті іске айналдырғыңыз келсе, оны бірнеше апта бойы немесе қырық күн бойы үзбей орындаңыз. Жоспарлы түрде сабақ оқу, таңертең ер ... Читать дальше »
Просмотров: 829 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/04/2016 | Комментарии (0)