15:31
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ҚАЗАҚ МИФОЛОГИЯСЫ мен САЙТАН-НАМАСЫ

Ғұн дінінде Көктің, Күн мен Айдың ғарыштың құдіретіне табыну, жын-перілерге, әруақтарға сыйыну және т.с.с. бір-біріне кедергі жасамай, қайшы келмей, қатар өмір сүрген. Ғұндардың жорамалдауынша, ғарыш құдайы Тәңірдің ғаламат үлкендігі соншалық, олар жын-перілер мен әруақтарды байқамайды.

Өз кезегінде, жын-перілер мен әруақтар дүние жаратылысына жанаспай, өз шаруаларын тындыра береді.

 

ЖЕР мен КӨКТІҢ, СУДЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ

Сонау-сонау, соны меңіреу заманда, Жер мен Көк жаралмай тұрғанда, барша ғалам тұтас қара түнек, шетсіз-шексіз кең, түпсіз терең лай су бейнесінде болған. Ол кезде Көк те, Жер де, Ай да, Күн де болмаған. Ұшан-теңіз су, гүрілдей сарқыраған өзен, ұшы қиырсыз от, толассыз соққан жел, шегіне көз жетпейтін жер – барлығы астан-кестен, мидай араласып, сапырылысып қайнап жатқан бір дария еді. «Жасаған» осы аласапыранды реттеп, суды тұндырып, мидай былыққан әлемді қара түнектен айықтырып, тәртіпке келтіріп Жер мен Көкті жаратты.

Жасағанның құдіреттілігі, ұлылығы, жасампаз шеберлігі осыдан байқалады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 176 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: