16:14
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Менің екі қызым бар. Кішісі – үздік, ал үлкені – екпінді. Олар маған күнделіктерін бір уақытта көрсеткен кезде, үлкенін ренжітпеу үшін, кішісіні мақтамауға тырысамын. Менікі дұрыс па?

Сіздің кіші қызыңыздың жетістіктері үлкен қызыңыздың жетістігіне байланысты болмауы керек. Әр баланы жеке жетістіктері үшін мақтау керек. Кіші қызыңыз өз жетістігін бағалайтынына қуануы үшін анасының мақтауын естуі керек. Қыздар күнделіктерін жеке-жеке сізге көрсетуі керек, сонда олар өз сезімдерін, қанағаттанушылықтарын немесе нәтижелерге қанағаттанбайтындықтарын білдіре алады. Бірақ қыздар бір-бірінің жетістіктеріне немесе сәтсіздіктеріне байланысты ештеңеден айырылмауы керек.

 

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мені мектепте зорлық-зомбылықтың көбеюі алаңдатады. Кейде үлкен қақтығыстар осы ұсақ-түйектен бастау алады емес пе. Біз бірлесіп шешім іздеу әдістерін тиімді қолданатын болсақ, неліктен балалардың өздері оларды өзара қарым-қатынаста пайдалана алмайды?

Сіз үшін бүкіл ел бойынша мектептер мен балабақшалардағы жанжалдарды шешу жөніндегі бағдарламалар енгізілетінін білген дұрыс деп ойлаймыз. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің көбі адамдар арасындағы қақтығыстар сөзсіз болатындықтан, балаларға оларды бейбіт жолмен шешуді үйрету өте маңызды деп санайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: