09:38
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Мен дұрыстап ниеттеніп, балалармен бірге мәселелерді шешуге кірісемін. Бірақ өз көңілімдегі сезімдерді білдіруге келгенде, ұрысу мен айыптауларға жол бермеймін деу өте қиын шаруа сияқты. Мұндай сәттерімде не істеу керекпін?

Ұрысты болдырмау үшін «сен» есімдігінен бас тартыңыз: «сен ешқашан... сен әрқашан... сенің басты проблемаң...» «Сен»-ді «мен»-ге ауыстыруға тырысыңыз: «Міне, мен сізбен осы жайында сөйлескім келді. Осы кезде маған ұнамайды... Мен жалпы осыны қаладым...» Сіздің оларға шабуыл жасамағаныңызды сезіне отырып, балалар «құлағы жоқ қорғанысқа» өтпестен сіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді тыңдайды.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Студенттерімнің бірі Дебби мектепке оқулықтарын әкелуді үнемі ұмытып кетеді. Бұл мәселені шешуге тырыстым, бірақ мұнымнан түк шықпады. Ол ылғи да жай ғана ойына келген қалжыңын айтып, күліп жүре береді. Осы мәселені шешудің жолын көрсете аласыз ба?

Егер бала мәселенің шешімін табуға тырысқаныңызға қарсы болса, онда біз талқылаған қағидаларға сәйкес жазба-хат жазуға тырысыңыз. Мысалы, сіз былай деп жаза аласыз:

«Құрметті Дебби,

сен маған сыныпқа қандай оқулықтарды әкелу керектігін есте сақтау қиын екенін айттың. Кейде сен бұл туралы ұмытып та кетесің. Мен күн сайын оқушыларымның өздеріне қажетті барлық оқулықтары бар және тиімді жұмыс орындайтындықтарына көз жеткізуім керек.

Саған өтініш: әр таңда сол күнгі сабағыңа қандай оқулықтар қажеттігін есіңе түсіретін бір тәсіл ойлап тапшы? Мен де бұл туралы ойланамын. Содан кейін ойларымызды талқылап, олардың қайсысын жүзеге асыруға болатынын ақылдасармыз.

Шын жүректен сенің мисс Дж. ұстазың». 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: