09:25
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Сіздің әр мәселені баланың ойын тыңдап, сосын барып шеше бастағаныңызды байқадым. Тәртіпті өзгертейік, бұл арада алдымен ересек адамның көзқарасын айтқанымыз дұрысырақ деп ойлаймын.

Бұл іске асуы мүмкін. Бірақ ересек адам өзінің қызбаланған кейпін байқатқан кезде, кейбір балалар ашық пікірлесуден қашып, қорғаныс позициясына өтеді. Баланың ішкі жан-дүниесіне шынайы қызығушылықпен назар аударып, содан кейін барып ересек адамның көзқарасын түсінген жөн, бұл көрініс баланың санасына қабылдауға жеңіл болмақ.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мәселені бірлесіп шешудің барлық кезеңдерінен өту керк пе?

Жоқ, кейде қажет емес. Бір мұғалім бізге байсалды және өте еңбекқор оқушы, тоғыз жасар Спенсерді сыныптастары алдап, оған бірнеше минутқа жұмыс істеуге кедергі болған кезде оның қалай ашуланғанын айтты. Бірде ол өзін басқара алмай, оқулықтары мен дәптерлерін еденге лақтырып жіберді. Мұғалім осы кезде мәселелерді бірлесіп шешудің жаңа дағдысын қолданудың уақыты келді деп шешті.

Ол оның жанына отырды да:

- Спенсер, сыныптастарыңның сені алаңдатып, жұмысына кедергі келтіргені саған ұнамайтынын түсінемін. Бастаған жұмысыңды бөліп жібергенді сен ұнатпайсың, - деп айтты.

Спенсер бірден:

- Иә, бәрін тезірек аяқтағым келеді. Солардың кесірінен өзімнің не істегім келгенін ұмытып кетемін... – деп жауап берді.

Ол үнсіз отырды да, кенет:

- Соңғы партаға отырып, өз бетіммен жұмыс істей аламын ба? – деп сұрады.

Мұғалім таң қалды. Ол:

- Сенің ойыңша, бұл саған көмектеседі ме? – деп сұрады.

Спенсер басын изеп:

- Сонда мен ашуланбаймын, оқулықтарды да лақтырмаймын! – деп жауап берді.

Осы сәттен бастап Спенсермен ешқандай проблема туындамады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: