23:17
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

ЖАДЫНАМА

Үйде және мектепте мәселелерді шешу

1. Баланы тыңдаңыз, оның жан сезімі мен қажеттіліктеріне түсіністікпен қараңыз.

Ересек адам: Қателеспесем, сіз испан тілінен емтихан тапсырмағаныңызға қатты ренжіген сияқтысыз?

Бала: Мен тапсырдым! Жиырмадан он екі сөзді дұрыс жаздым! Ал кеше кешке емтиханға бір сағат дайындалдым!

 

2. Баланың көзқарасын қорытындылаңыз.

Ересек адам: Сен шынымен ренжіген сияқтысың. Сен осы жаңа сөздердің бәрін есте сақтауға тырысқаныңмен, олардың кейбіреулері есіңнен шығып кетті.

 

3. Өз сезімдеріңіз бен қажеттіліктеріңізді айтыңыз.

Ересек адам: Егер жаңа сөздерді жаттамасаң, онда сен біршама артта қаласың деп алаңдаймын.

 

4. балаңызды өзіңізбен бірге саналы түрде ойлай білуге талпындырыңыз.

Ересек адам: егер біз бірге жұмыс істесек, сөздерді есте сақтаудың жаңа да тиімді тәсілдерін таба алмаймыз деп ойлайсыз ба?

 

5. Барлық ойларды бағамдап отырып жазыңыз.

Бала: Испан тілін оқуды тастау.

Ересек (жазып жатып): Мен бұны жаздым. Тағы не?

Бала: мүмкін мен болар...

 

6. Сізге қандай ойдың ұнайтынын, қайсы ойдың ұнамайтынын және қабылданған жоспарды қалай жүзеге асыруға болатынын бірге талдап, шешіңіз.

Ересек адам: Карточкаларға сөздерді жазуға қалай қарайсыз және әр түн сайын жатарда төрт жаңа сөз жаттап аласыз?

Бала: Бұл жақсы ой екен. Бірақ карточкалардың орнына мен бұл сөздерді магнитофонға жазып, оларды толық меңгермейінше үйренетін боламын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 30 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: