22:54
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Ұлымның мұғалімі сабақтан соң барлық ұл балаларды алып қалды: күзетші оған дәретханада оқушыларының бірінің темекі шеккенін хабарлапты, нәтижесінде ұлым баскетбол жаттығуына қатыса алмай, қапаланды. Балам ұжымдық жазалауды әділетсіздік деп санайды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

Балаңыздың ұжымдық жазалауды қаламауының себебін түсіну қиын емес: бұл тәсіл жазықсыз кез келген адамның намысына тиеді. Ұлыңыз: «Ереже сақтаудың қандай мәні бар? Бәрібір мені жазалады!» деген ой түйді. Ал кінәлі баланың былай олйауы ықтимал: «Бұл жолы көзге де түспедім, қолға да түспедім. Бәлкім, келесі жолы да ұсталмайтын шығармын».

Егер мұғалімнің мақсаты – оқушыны тәртіпке бағындыра отырып көмектестім деп ұқса, онда жеке оқушы болсын, мейлі сынып бойынша болсын, ол тәсіл жазалау мақсатына жетуге көмегін еш тигізбейді.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Менің кезекшілігім кезінде екі қыз асханада тартысты. Күзетші екеуін директордың алдына апарғысы келіп еді, бірақ мен мәселені өзім-ақ шеше алатынымды айттым. Қыздардың әрқайсысы мені өздерінің дұрыстығына сендіруге тырысқанымен оларды тыңдаудан бас тарттым және егер бұндай жағдай тағы қайталанса, оларды директордың алдына апаратынымды ескерттім. Осы арада мені мазалайтын басты сұрақ – әрекетім дұрыс болды ма? Жағдайды басқа жолмен шеше алатындай мүмкіндігім болды ма?

Сіз екі қызды да тыңдап, содан кейін олардың көзқарастарын тұжырымдауыңыз керек еді, мәселен: «Демек, Хелен, сен Розаға ашуландың, өйткені... Ал сен, Роза, ашуландың, өйткені сенің ойыңша...» деп сыр суыртпақтап сұрауға болар еді. Әр қыздың не үшін жағымсыз ойларға берілгенін біле отырып, сіз оларды сол жаман әдеттен арылуға көмектесер едіңіз.

Мектеп директоры жұдырыстасқан балаларды кабинетіне шақырған кезде, ол балаларға психология ғылымдарының докторы Хаим Гинотт ұсынған әдісті қолданатынын айтты. Ол әдіс былай: оқушыларды бір-бірінен алшақ үстелдерге отырғызады, әрқайсысына қалам мен қағаз береді де: «Мен не болғанын нақты білгім келеді. Жазыңдар!» дейді.

Әдеттегідей балалардың бірі наразылық білдіре бастайды: «Бірақ мен кінәлі емеспін! Тағы біреуі оны іліп әкетеді: «Ол мені бірінші болып ұрды!» Директор әдетте жай ғана басын изеп: «Міне, сол туралы жазыңыз. Мен мұның қалай басталғанын, одан әрі не болғанын және әрқайсыңыздың не сезінгендеріңізді егжей-тегжейлі білгім келеді. Болашақ жоспарларының туралы да жазуды ұмытпаңыздар!»

Балалар жазып болғаннан кейін, директор әрқайсысының шығармаларын дауыстап оқиды және әр баланың жағымсыз ойлауға өз себебі бар екенін растайды. Содан кейін ол жоспарларын бір-бірімен бөлісуді сұрайды. Әдетте, осыдан кейін балалар бірден татуласады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: