22:28
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Мен секілді сабырсыз адам үшін баланы ұрудың орнына бұрышқа жіберу – үлкен жетістік. Ендеше, өз-өзіңді ұстай алмаған сәтте не істеуге болады?

Бір әйел: «Адам өзінің төзімі таусылғанын сезгенде «бұрышқа» тұратынын» айтты. Әлгі әйел: «Түскі ас ішетін үстел бетін ұлым өзінің жаңа ойыншығымен сызып отырғанын көріп, қолынан ойыншықты тартып алдым да: «Мына қылығыңа қатты ашулымын, сабырға келу үшін өз бөлмемде бола тұрамын!» дедім. Ол сабырға келген соң баласына үстел бетін қалай қалпына келтіру керектігін көрсетіп берді.

Доктор Хаим Гинотт басқа ата-ананың осыған ұқсас сұрағына былай деп жауап берді: ол тік тұрған күйде кішкентай тентекке қарап тұрып, қолын көтеріп, сескендірген кейіппен: «Мен тымашулымын! Сені тіпті ұруға дайынмын! Аман қалғың келсе, қаш!» деп айқайлатынын айтты.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Құрметке негізделген қарым-қатынас арқылы кез келген оқушыны қайта тәрбиелеуге болады деп ойлайсыз ба?

Сола болғанын қалар едім! Өкінішке орай, «қысым көрген» балалар бар, олар құрмет пен қамқорлыққа жауап бере алмайды. Оқу барысында олар шеккен моральдық зардапты өтеу мүмкін емес. мұндай жағдайда мұғалімдердің қолынан келетін ең жақсы дүние – студенттер мен өздерін түзеуге келмейтін болмысы қиын балардан қорғау. Алайда мұндай жағдайда болмысы қиын балаларға жаңа зақым келтірмеу үшін бір уақытта қаталдықпен қоса құрметпен қарау өте маңызды. Осы тәсіл барлығы үшін де қолайлы болмақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: