21:48
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Қызым Джилл балабақшадан ренжулі әрі көңілсіз күйде келсе, тәрбиешісі тағы да «жазалау» үстеліне отрығызғанын бірден түсінемін. Бірде кешқұрым жолдасыма ашуландым, сол сәтте Джилл: «Әкешім, сенің «жазалау» үстеліне отрығаның дұрыс деп ойлаймын» деді. Үйде баланы ешкім бұлай жазаламағандықтан, қатты таң қалдым. Балабақшада, мектепте жазалау тәсілін қолданбағанымыз дұрыс па? Ойланарлық мәселе! Ал сіздер не ойлайсыздар?

«Жазалау» үстелі дегенді сыпайылап түсіндірсек, оған отырған баланы ұрмайды, ұрыспайды. Балада байқалған ерсі әдет-қылықтардың алдын алып, оны тоқтату. Бала тәрбиесі саласындағы кейбір мамандар осы әдісті қолдануды ұсынады. Ал мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің ұлттық бірлестігінің айтуынша, бұл тәртіптік шара – дене жазалары, сөгіс және айыптаулармен салыстырғанда анағұрлым зиян екен.

Бұл көзқарасты түсіну оңай. Ересек адам сіздің айтқан сөзіңіз бен жасаған ісіңіздің оны қаншалықты қорлап, төмендететінін сезіне алады. Алайда «жазалау» үстеліне отырған баланың жан дүниесінде не болып жатқанын елестету қиынға соғады. Дегенмен елестетіп көріңіз. Өзіңізді төрт я бес жасар бүлдіршіннің орнына қойыңыз. Өз тобыңыздағы ер балаға қатты ызаландым деп ойлаңыз (ол сізді не ренжітті, не бір затыңызды тартып алды не болмаса жағымсыз атпен келеке етті). Қайтарымы ретінде сіз оны ұрдыңыз, итеріп жібердіңіз, ұрыстыңыз немесе оған күрек лақтырдыңыз. Ал енді сіздің әрекетіңізге деген мұғалімнің екі түрлі көзқарасын елестетіңіз.

Бірінші нұсқада мұғалім: «Дереу доғар! Өзіңді бұлай ұстауға болмайды! Тез арада «жазалау» үстеліне отыр».

Сіз еңсеңіз түскен күйде үстелге отырып, іштей: «апай әділетсіз. Ол джеффридің маған не істегенін көрген жоқ. Барлығына сол кінәлі!» немесе «Мүмкін мен шынымен жаман шығармын! Жаман болғаным соншалық – оқшаулауда тура келді» деп ойлауыңыз мүмкін.

Екінші нұсқа бойынша мұғалім сізге: «Сен Джеффриге қатты ашуланғандықтан, оны итеріп жібердің. Итеруге тыйым салынған. Көңіліңе тиген дүниені Джеффриге мына сөздермен айт...» деуі мүмкін.

Мұндай жағдайда сіз өзіңізге «Ол менің Джеффриге не үшін ызаланғанымды түсініп тұр. Ол Джеффриді итеруіме мүмкіндік ермегенімен, оған өз сезімдерімді сөбен айтып жеткізе алатыныма сенеді. Мүмкін, осы дұрыс шығар» деп айтуыңыз мүмкін.

Сіздің алдыңызда бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі көрініс тұр. Бірінші жағдайда: бала қоғамнан алыстатылатындай жаман екеніне сенімді болады. Екіншісінде: ол қоғаммен сенімді түрде, ешқандай күш көрсетусіз өзара әрекеттесуге үйренеді.

Бұл дегеніміз – баланы ешқашан топтан ажыратпау қажет дегенді білдіре ме? Кей мұғалімдер бала мазасызданған сәтте оңаша қала алатын орын болуы қажет деп санайды. Мұндай бұрышта кітаптар, қарындаштар, қағаздар және ұруға немесе тынығуға арналған жастықтар болғаны абзал. Баланың бұл орынға бұйрық бойынша емес, өз еркімен баруы өте маңызды. Мұғалім балаға: «Сенің әлі Джеффриге ашулы екеніңді көріп тұрмын. Бұл жайлы сөйлесеміз бе, әлде сен бар сезіміңді қағаз бетіне түсіру үшін біздің шағын бұрышымызда бола тұрғың келе ме?» деп таңдау қоя алады.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мен әлі күнге дейін баланы жазалауға тұрарлық жағдаяттардың жоқтығына көндіге алмай жүрмін. Ал бірінші сынып оқушысының көзілдірігін тартып алып, оның көз жасына себепкер болып, оған күлген бұзақымен не істеу керек? Мұндай қатыгездікті көрсеткен баланы да жазалау мүмкін емес пе?

Мұндай қатыгездікке бейім баланы дер кезінде тоқтатып, оның энергиясын басқа бағытқа бұру қажет. Оған үлкен, әрі күштілердің кішкентайлар мен әлсіздерге қысым көрсете алатындығын тағы бір рет дәлелдеудің қажеті жоқ. Сірә, «бұзақы» бала мұны жеке тәжірибесінен жақсы біледі. Егер біз баламызды мейірімділікке үйреткіміз келсе, онда игі әдістерді қолдануымыз керек. Өзгелерге қатыгездік танытатын бала ұруды емес, сенімділікті қажет етеді. Оған қатаң түрде былай деп айту қажет: «Маған бұл іс-әрекетің ұнамайды! Ешкімнің көз жасына қалуға болмайды – ешқашан!» Бала сіздің өзінен не күтетіңізді білуі керек: «Мен сенің мейірімді болғаныңды қалаймын... және сен дәл қазір ондай бола аласың, ол үшін бірінші сынып оқушысына көзілдірігін қайтар». Басқа адамдарға құрметпен қарауды тек құрметпен ғана үйретуге болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: