15:44
Бабадан қалған асыл сөз

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ (1807-1867 ж.ж.)

Қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағын дәулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз ақын жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған.    

Ханның көркі – ел.

* * *

Ел үстіне жау келсе,

Көк бөрідей ер керек;

Ер астына мінетін

Бәйге бермес сұр керек.

* * *

Ерден ердің несі кем,

Айтқан сөзіне берік болса?

Хандардан ханның несі кем,

Халыққа әділ ерік болса?

* * *

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – түртіп оны көре алмас,

Басқа қиын іс түссе – ел қыдырып таба алмас.

* * *

Жалғыздың ісі оңалмас,

Көптің ісі жоғалмас.

* * *

Жақсы болса – іні ортақ.

* * *

Жұрт теңгеріп тұруға –әділ төре керек.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 174 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: