14:16
Бабадан қалған асыл сөз

БЕРЕКЕ, БІРЛІК – ҚАМАЛДЫҢ БАСЫ...

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802 ж.ж.)

1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған. Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып, қиналмай-ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың шешендік қорына үлкен үлес қосқан.   

Азамат жетім болмайды – халықтан болса панасы,

Халық жетім болмайды – басшы болса данасы.

* * *

Ел жеңілмес ері бар.

* * *

Арадан хан болсам,

Халқым қалаған болар.

Айырдан нар болсам,

Атам үлектей жараған болар.

Жоқтан бар болсам,

Құдайым қараған болар.

* * *

Көнеден дәурен озса,

Жасы жеткен болар.

Көндей қамқа тозса,

Күтімі кеткен болар.

Атадан ұл озса,

Еркіндігі болар.

Анадан қыз озса,

Еркелігі болар.

* * *

Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар.

* * *

Мен ағайынды екеумін: біреуі – өзім, екіншісі – халқым.

* * *

Халық – көл,

Хан – құс.

* * *

Адамзатта не тәтті?

Аста – тұз тәтті,

Адамда – дос тәтті.

* * *

Даланың оты – олжа, суы – нұрлық.

* * *

Бөлінгенді бөрі алар.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 179 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: