01:24
Бабадан қалған асыл сөз

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ӨСИЕТ

БІЛГЕ /МЕРГЕН/ (684-734 ж.ж.)

Алты жасында жетім қалған Білге (Мерген – Могилян) өсе келе әскери дарындылығымен, ақылды ойымен қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік-қытай билеушілерінің ықыласына бөленген. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Көне түркі мемлекетін 19 жыл бойы басқарған оның даналық сөздерінде елдің біртұтастығын көксеген терең де саралы ой жатыр. Түрік Елінің бірегей тұлғасы атанған Білге інісі Күлтегінмен бірге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелілер империясының іргесін бекіткен.

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

* * *

Жоқ халықты бар қылу – қағанның қолында.

* * *

Түркіні бұзар тәтті сөз.

* * *

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса – елдің бағы.

* * *

Бақ болмайды басқа бақ – есің барда елің тап.

* * *

Жауыңнан бұрын қимылда – жеріңе жамандық келмейді.

* * *

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

* * *

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

* * *

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.

* * *

Тастағы жазудан тағылым алғайсың.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 210 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: