23:02
Қазақтық

ҚЫЗ ҰЗАТУ

Психологиялық мәні (имплицитті үрдістердің астары):

Күйеуге төс беру.

Қазақтың төсті жаңадан күйеу болған жігітке ғана беруінің астарында психологиялық мән бар. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып келе жатқан адам тәніне бағытталған психотерапия саласындағы В.Райхтың ілімі тармағында төс – кең, ауқымды мағынаға ие дене мүшесі. Адам төсінде терең сезімдерге бой алдыра алу мүмкіндіктері шоғырланады. Егер кеудеде (төсте) блок болса адам бар болмысымен махаббат пен ләззатқа беріле алмайды, ынтығу мен құштарлық оянбайды. Бұл жаңалық америкалық психологияда 1934 жылы психоаналитикалық бағыттан бөлініп шыққан В.Райхтың еңбектерінде алғашқы рет айтылғанымен, ғалымдар ХХ ғасырдың аяғына дейін мойындамай келді.

Қыз ұзату барысында жоралғылардың көп болуы – жат жұрттық болып бара жатқан қызға деген қимастық пен жігіт тарапынан «еңбек сіңіріп» алып кетуі, арадағы қарым-қатынастың құрмет пен сыйға негізделгенін қалағанының көрінісі.

 

Босағаға ілу немесе су шапан.

Күйеу баланың қыз ата-анасына қызын алып, одан айырып отырмағандығын, осы үйге қамқоршы болуға, азаматы болуға дайындығын ыммен білдіруі. Бұл тек кетіп бара жатқан қыздың ғана емес, бағып-қаққан қыздарын беріп отырған ата-ананың да көңілін жұбатады.

 

Ау-жар.

Жаңа өмірге аяқ басқан жарым көңілді жеңгелерінің жұбатуы. Жеңгелердің ау-жар айтуының мәні олардың да кезінде қыз болғанын, жат жұрттық болып өзге елге келін болғаннан кейін де жұбайлық жақсы өмірдің жалғасатындығын, жаңа басталған жауапты кезеңде жылы тілектерін аямайтындығын көрсетеді. Жеңгенің қайын сіңлісін жұбатуы.

 

Қыз көші.

Жат жұртқа ғана емес, әйел ғұмырындағы ең маңызды сапарына жақын жандардың шығарып салуы, еріп баруы, қызға осы сапардың маңыздылығын түсіндіреді. Қыздың жабырқау көңілін аулау, өмірінің мәні болып саналған жат жұртқа аттанарда көшті тоқтатып, кәде сұрап, жақсы тілектерін жолдап, сәт сапар тілеуі – түйемұрындық сұрауы, бұл сапардың бүкіл ауыл аймақ үшін маңызды екендігін қызға ұғындырады.

Көште қыздың қара басы ғана емес, оның үйге керек-жарағы, төсек-орны қоса артылады. Қыздың туғаннан жиналған жасауы, ата-ананың мейірімі тұнған дүние-мүлік қыз өмірін жеңілдетуге бағытталған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: