22:35
Қазақтық

ҚЫЗ ҰЗАТУ

Психологиялық мәні (имплицитті үрдістердің астары):

Қыздың туғаннан бастап жасауын реттеп, жинауы.

Психоаналитикалық ілімде ұл балалардың өз табиғатын толық сезінуі 4-5 жастан бастау алса, қыз баланың табиғатын сезінуі туа сала түйсінетіндігін, табиғатын сай өмір сүруге ұмтылатындығы айқындалған. Ежелгі қазақ қоғамында қазіргідей ер мен әйел теңесіп, әйелдің ашаршылық, соғыс, тың игеру, зауыттар салу мен ғарышқа ұшу, тоқыру заманында еркектермен бірдей ауыр жұмыстардың бәріне араласып, одан бергі ел экономикасы құлдыраған дағдарыс жылдары қытайдың ала қабын арқалап, белі бала көтеруден емес, қап пен жауапкершілік көтеруден шаршаған заманы болмаған. Әйел о бастан табиғатына сай өмір сүрген.

Ер азаматтың тұрмысы түзде болса, әйелдің тұрмысы табиғатының нәзіктігіне байланысты үйде болған. Бұл әйелді басыну мен оны ошақ басты етудің әдейі жасалмағандығын көрсетеді. Табиғатынан нәзік, өмірге ұрпақ әкеліп, өмірдің жалғасуына ықпалы зор ананың өз-өзін күтуін, жылы жерде өмір сүруін қамтамасыз етуі. Қызға о баста әдемілікті, жылулықты, көрпе-төсектің иесі болу мен түздегінің ығына жығылуды ғана емес, онымен (ер азаматпен) тіршіліктегі жауапкершілікті қақ бөліп берген. Сондықтан жастайынан көз алдында жасауы жиналып, өмірдегі өз орны мен жауапкершілігіне бойын үйреткен. Ұзақ жылдар бойы санасына, құлағына құйылған тәрбиенің «нүктесі» қыз ұзату кезінде қойылған.

 

Арқан керу.

Арқан арқылы тап осы уақытқа дейін екі елдің екі өзеннің жағасында өмір сүргендей бейтаныс адамдар екенін, керген арқанды алу арқылы енді аралас-құралас, алыс-берісі бар, ортада жол үзілмейтін туыстарға, бүтінге айналғандығын ұғынады. Тұрмысқа шыққан қызға екі жақтың екі бөлек болмай, бір бүтін болып, араласып, тату-тәтті қарым-қатынаста болуы дем береді. Екі жастың бақытты өмір сүруінің, ыдыс-аяқтың сынбауының кепілі болады.

 

Күйеудің ерекшеленуі.

Осы күннен бастап күйеу қыздың отбасының бір мүшесі болмаса да, екі отбасын біріктіріп отырған, ұзатылып бара жатқан қыздың «иесі». Ол үшін жауапкершілік алған «тұмсықтыға шоқытпас, қанаттыға қақтырмас» ерекше орны бар екенін қыз төркіні мойындайды.

 

Құдаларды төрге шығару, құйрық-бауыр асату, сүрленген еттен дәм ауыз тигізу.

Алдымен, құдалардың төрге шығуы – қыз отбасын мойындап, сыйластығын көрсеткені. Ата-аналардың арасындағы сыйластықтың екі жастың сезімдерімен қоса, құрылғалы жатқан отаудың іргетасы. Олардың арасындағы ынтызар болып, бір-бірімен шүйіркелесіп, құдандалы болғандарына қуануы өмірлік жауапкершілікті мойындарына алғалы отырған екі жасқа күш-жігер береді.

Жаңа сойған малдың еті мен сүрленген ет асатқанның астарында жаңа байласқан уәде мен қарым-қатынас «сүрленсін» деген тілек жатыр. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: