10:24
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

БӨГЕН

Белгісі. Жылқының жал-құйрығы өзінен-өзі түсіп, сымпиып қалуын бөген дерті деп атайды. Бөген болған мал арықтайды, өңі қашады. Таңын, аламайын, құйысқандығын, құйрығының үстін ағашқа, тасқа үйкеп тоздырады. Қатты қышыған кезде тістеп, жұлып түк пен теріні қызыл шақа болдырады. Бөгенб олған жылқының қыл құйрығын талдап жұлып қараса, қылшық түбінің баданасы сәл ісіңкі, жуантық, ұзындау және соқталы келеді.

Емдеу тәсілі. Бөген болған жылқыны жығып аяғын байлайды. Құйрықтың түбін үстіне қарай бұрағанда түксіз тақырдан барлау тамыры адырайып шыға келеді. Сол тамырға қандауырды жара шаншып қан ағызады. Жылқыны сол жатқан жерінде аударып, екінші жақ барлаудан қан алынады. Белгілі мөлшерде қан ағып болған соң жылқы орнынан тұрғызылады. Одан кейін жылқы құйыршығының дәл ұшындағы сүйексіз бөлігінің бармақ елі жерін жара тіледі. Ол жерден қан сорғалап ақпайды, бірақ бір-екі күнге дейін тамшылап жүреді де тоқтап қалады. Егер ауру қан алғаннан кейін де оңалмайтын болса, жылқының құйрық түбінің үстіңгі терісі мен етін қоса тіліп, бидайдай тотияйын тығу керек. Кейде мыс шегені қылқұйрықтың орта шенін ала ет пен тері арасына жүгіртеді. Бірнеше күннен кейін мыс шегені суырып тастайды. Жемге күкірт қосып жегізуге де болады. Осы айтылған 4-5 түрлі емнің біреуінен болмаса да бірінен бөген ауруы жазылып, жал-құйрық қайта жетіледі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: