21:54
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ТҮТІГУ

Белгісі. Қара жарыстарда тері дұрыс алынбаған семіз жүйрік аламан бәйгенің алыс жолында оттегі жетіспегендіктен көмірқышқыл газына улануын түтігу немесе тығылу дейді. Түтіккен жылқының тыныс жолы тарылатындықтан организмге қажетті ауаны сырттан толық қабылдай алмауы себепті, өкпедегі көмір қышқыл газын сыртқа толық шығара алмайды. Сөйтіп ауаның ішке жиналған көмірқышқыл газы – әуелі қантамырларын, нерв жүйелерін уландырады. Аттың шабысы саябырлап төрт аяғы төрт жаққа кетеді, қарасуға түсіп терлейді немесе тер шықпайды, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады. Ақыры әлсіреп жығылады. Құлаған аттың аузы арандай ашылып немесе жағы қарысып қалады. Мұрнынан қан ағады, танауы қусырылып, бөбежігі жабылады, демалысы азаяды, көздері қанталап кетеді.

Емдеу тәсілі. Әуелі басын желге қаратып, жағы қарысып қалған болса аузын күшпен ашып, оқтаудан сәл жуандау ағаш қазық тістетіп, қолмен бөбежігін тартып, тыныс жолын ашу керек. Жүрек тұсын басып уқалап алдыңғы аяқтарын қозғап, жасанды жолмен дем алдыру қажет. Маңдай және төс сүйектің ақшершеу тұсының терісін 5 см мөлшерінде тігінен тіліп, құйрықтың ұшынан, қолаңсаның барлауынан қан алып, құлағына су тамызған дұрыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: