11:31
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

АҚБАС

Белгісі. Бұл сарып ауруының жылқыда болатын түрі. Аса зардапты, зілді дерт. Жылқы тұяғының құнсыздығынан бөртіп шығады. Тұяқ құндызын қолмен сипағанда қолға ыстық табы білінеді. Әсіресе аурудың алғаш пайда болған тұсы ыстығырақ болады. Сол жерді мұқият сипаса, тері астында тұрған бидайдай түйір қолға білінеді. Осы түйір алғаш пайда болғанда жылқы аяғын жерге тигізбейкөтеріп қатты ауырсынады. Жайылмайды, іші қабысып жарай бастайды. Оны дер кезінде емдемесе ісініп, қабынады. Тұяқ ішін ірің кеулеп, тұра мен қара тұяқ арасы іріңге толады да көбесінен сөгіліп, қара тұяқ бөлек түсіп, жылқы қазық аяқ болып қалады.

Емдеу тәсілі. Дерттің дәл үстінен қандауырмен тіліп кесірлі түйіршікті алып тастайды. Тілінген жерге бұршақтай уқорғасын немесе бидайдай тотияйын тығып емдейді. Егер құндыздықтағы дертті дәл тауып ала алмаған жағдайда, қойдың алақандай құйрық майын күйгізіп талқандалған тотияйынды сеуіп құндыздықты айналдыра орап тастайды. Май қосылған тотияйын заһарды дерттің зардабын басады, бірте-бірте сырқат жазылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: