09:45
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

СЫРҒА ТАЮ

Белгісі. Жылқы жайбарақат аяңдап келе жатып немесе бүлкілдеп желіп келе жатып та аяғының (тұяғының) ұшымен басып алған кезде тобығы орнынан қозғалып немесе тайып кетеді. Мұны сырға таю деп атайды. Сырғасы тайған ат артқы аяғынан шойнаңдап қалады. Тұрғанда ауру аяғын көтеріп, сау аяғына салмақ салып тұрады.

Емдеу тәсілі. Сау аяғының бақайынан арқан байлап қуалап желдіреді. Желіп бара жатқан кезде арқанды ірке тартады. Сол кезде ауру аяқпен жер тіреп, салмақ салып, дұрыс басуға мәжбүр болады, әрі осы кезде сырғасы да орнына түседі. Арқанды тартқанда өте абайлаған жөн. Әйтпесе сау аяғының сіңірі созылып, мертігіп қалуы ықтимал. Сондықтан да сау аяқтың тірсегін шүберекпен тартып орап байлап тастайды. Ат амалсыздан ауру аяққа салмақ салады да тайған сырғаны өздігінен орнына түсіре алады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: