23:21
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ТҰЯҚТАН САСЫҚ АЛУ

Белгісі. Қазіргі ат бапкерлері жүйрікті жазға салым наурыз-маусым айларында қолда жемдеп, семіртуді әдетке айналдыруда. Жылқыны байлаған орын таза тақыр болмаса, шылқылдап жатса , аттың тұяғы тез өсіп, аратұяққа айналады да, табаны күстеніп, күс қалыңдаған сайын бойына дым тартып, сасиды. Онымен қатар, тұяғы көстиіп өсіп, табанындағы жүрекшесі шұңқырайып, сол қуысқа лас топырақ тығылып бітеледі. Жүрекшеге тығылған заттар табанды шірітіп, кейде тұяқтың тұра қабатына уын жаяды.

Емдеу тәсілі. Тұяғы сасыған атты жығып, аяғын толық тазалап, шіріген, күс арам тұяқтарды жонады. Ірің алған болса ашып тазартады. Ірің кеулеген тесіктің орнына суырдың немесе мәліннің майын ысытып құяды. Тұяқтың сасығы жоғалып, жара жазылғанша берік былғарыдан жасалған тұяққап кигізген жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: