21:53
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

СІЛІКПЕ ДЕРТІ

Белгісі. Шектен тыс шөлдегендіктен жылқы «сілікпе» дертіне шалдығады. Таңдайын тарта есінеп, желге ауызын тосады. Ауыздығын шайнап, ішін тартып күрсінеді, танау қуысы қуқылданып, қуырылып, қатпар түседі. Дүркін-дүркін аяқ астын тарпып иіскейді. Көзінен былшық аралас жас ағады. Екі бүйірін соғып, ауызы кеберсіп, тер басады. Сілікпеге ұрынған жылқы жағф қарысқандықтан су жұма алмайды, жұтқан суы танауынан ағып кетеді. Бұндай жағдайда оны емдемесе жылқы өледі.

Емдеу тәсілі. Шөлдеген жылқыны судың басына (құдық, бұлақ, бастау, өзен, т.б.) әкеліп жел жаққа тұрғызып, алдымен судың салқын самалына соқтырады. Одан кейін денесіне су шашып, салқындаған соң күретамырынан аздап қан алады. Бұдан кейін жылқының аузына қамшының сабын жүгіртіп шөпжұлар маңдай тістерін қозғап, жағының қарысқанын ашады. Шаралар дұрыс атқарылса жылқы су ішеді. Бірақ қатты шөлдеген жылқыны қанғанша суаруға болмайды. Шала суарып судың басына суға жетпейтіндей етіп байлап қойған дұрыс.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: