21:34
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК БАПТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 Тер қырудың жөні:

  1. Аттың терін сыпырғанда (қырғанда) қандар тәрізді жалпақтап жонған қырма ағашты пайдаланады. Бұны терқырғыш деп атайды.
  2. Тер шығарып шауып келген жүйріктің терін қырғанда желдің ығына қарай сылбыр аяңмен жетектеп жүріп қырған дұрыс.
  3. Әсіресе, су терін қырған жүйрікті ет тері кепкенге дейін тоқтатпай жетелеу керек.

 

Атбегілердің ауа-райын болжау тәсілі:

Жүйріктің терін алу үшін атбегілер ауа-райын болжап, білуі өте қажет. Өйткені, жүйріктің терін алу барысында кейде жауын-шашынды, кейде ыстық күндер қажет болады. Ерте уақытта қазіргідей ауа райын дәл болжайтын мүмкіндік болмағандықтан атбегілер өзінің айналасында болып жатқан табиғи және тұрмыстық құбылыстарға қарап келер күннің райын анықтайтын болған.

Мысалы:

  1. Сиыр малы таңертең өріске шығарда мөңіреп кетпей кешіксе;
  2. Сиырлар бұзау байлаған желінің маңынан ұзамай сүзіссе;
  3. Жылқы малы дүркін-дүркін пысқыра берсе;
  4. Бота-тайлақ ойнақтаса;
  5. Түйе жыра-жылғаны паналап шөгіп жатса;
  6. Інген ботасынан ұзамай боздай берсе;
  7. Қорадағы қой-ешкі таңертең желге қарсы қарап жатса;
  8. Дала тышқаны інінің аузына көп топырақ үйсе;
  9. Бал арасы омартадан алыс кетпей айналсоқтап ұшса;
  10. Мысық босағаны тырналап мазаланса;
  11. Шаян судан шығып жағада ұзақ жатса;
  12. Жауынқұрты жердің бетіне ашық шықса –

ауа-райы жауынды-шашынды болатынын білдіреді.

  1. Ешкі малы өрісте ашық қыратты қуалап жайылса;
  2. Бие бауда құлындар кісінеп, жылқылар үйездесе;
  3. Інген ботасын тастап өріске тез кетсе;
  4. Қой-ешкі уақытынан бұрын қорадан өрсе;
  5. Өрістегі малдар алаңсыз, еркін жайылса;
  6. Ит керіліп-созылып жайланып жатса;
  7. Мысық бұйығып ұйықтаса;
  8. Өрмекші жаңадан өрмек тоқыса;
  9. Көбелек гүлге қонбай ұшса;
  10. Шегіртке күн батарда ұзақ шырылдаса;
  11. Маса топтанса;
  12. Құмырсқа илеуінің көзін ашып тастаса;
  13. Құрбақа судан шықпай қойса;
  14. Кешке күн қызарып батса –

күн ашық, жайлы болатынын білдіреді.

 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: