01:29
Атбегілік арналары

ҚАЗАҚ СЫНШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЙРІК СЫНАУ ҮЛГІЛЕРІ

 Он бірінші сын. КӘП ҚҰМАРҰЛЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Елік бас, теріс езу, елең құлақ,

Өр кеуде, бөкен танау, құлан сирақ,

Тік бақай қысқа біткен берік белді,

Тұяғы кер құланға бітер тұяқ.

 

Құс топшы, барыс сүбе, жылан бауыр,

Бота көз, күдір жота, киік сауыр,

Кең құрсақ, жібек сіңір, сілбісі кең,

Аршын төс, бүркіт қабақ, мінезі ауыр.

 

Жез бақай, тесік өкпе, алма мойын,

Кең сағақты, серке сан, желкесі ойдым,

Білеуленіп бұлшық ет бөлек біткен,

Арасы алшақ жатыр қалбағайдың.

 

Тар мықынды, тартық жон, талтақ бұтты,

Жарағаны сүмбедей, сұлу сыртты.

Шашалығы сіңірлі, тік тілерсек,

Мыңнан бірек шығады мұндай жылқы.

 

Өретін тұлпар жалын төгілдіріп,

Бойға шақ үзеңгілік, тебінгілік,

Па, шіркін, ат ойнатқан қандай ғажам,

Алқылдап омырауда өмілдірік.

 

Ат қайтты қарашыдан тізгін керіп,

Ақ жүйке артта тозаң жентектеліп,

Ызғыңдап талай ұшқыр алға шықты,

Еліккен ет күшіне тентек желік.

 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 200 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: