11:37
Атбегілік арналары

АЙҒЫРДЫҢ СЫНЫ

Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде: «Қасқа айғырдың құлыны қасқа болмаса да, төбел туады» дейді. Сол себепті қазақ атбегілері жүйрік жылқылы тұқымнан құлын алып, оны өз жылқысына айғыр қоятын болған.

Бұл дәстүрдің екінші бір маңызы – үйірдің қаны жақындасып, әлжуаз құлын тууынан сақтанады. Олай болса, айғыр салатын құлындардың да ата тегі сапалы нәсілден болғаны абзал. Үйірдегі айғырларды қартайтпай (12 жасында) ауыстырып отырады.

 

Жақсы айғыр болатын еркек құлынның сыны:

  1. Жақсы айғыр болатын құлынды жүрісінен тануға болады. Ондай құлын төрт аяғын сартылдатып нық басады. Осылайша таңдалған құлындарды телілеп өсіреді. Ол үшін айғыр қоятын құлынның енесін қыстың сары аязында терлетіп, суық сумен суарып, таң асырып, әдейі құлын тастатады. Енесі құлын тастаған соң оны бұрынғы төлі тай шыққанға дейін емеді. Бұны «арда емген» дейді. Арда емген тайдың жүні жетіліп, бойы өседі. Айғыр болатын құлын жүнді келеді деп халық бекер айтпаған.
  2. Құнан шығарына дейін арда емген тай сүтке тойып, аяғы жуандап, омырау еті қалыңдап, сүйір танау және қаз мойын сипатқа ауысады. Бірақ, оған жүген-құрық тигізбей дөненге жеткізеді.
  3. Дөнен шыққан соң мамыр айында жуасытып үйретіп жібереді. Одан кейін үйірден 5-6 байталды таңдап алып, бөлек үйір жасап қайыртады. Жылқының бұл үйірін «қысырақтың үйірі» дейді.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 247 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: