11:41
Атбегілік арналары

АЙҒЫРДЫҢ СЫНЫ

Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде: «Қасқа айғырдың құлыны қасқа болмаса да, төбел туады» дейді. Сол себепті қазақ атбегілері жүйрік жылқылы тұқымнан құлын алып, оны өз жылқысына айғыр қоятын болған.

Бұл дәстүрдің екінші бір маңызы – үйірдің қаны жақындасып, әлжуаз құлын тууынан сақтанады. Олай болса, айғыр салатын құлындардың да ата тегі сапалы нәсілден болғаны абзал. Үйірдегі айғырларды қартайтпай (12 жасында) ауыстырып отырады.

Жүйрік құлын таптыратын айғырдың сыны:

  1. Мінезі кең, үйірден қызғанып мініс аттарды қумайды. Адыраңдап олай-бұлай шаппайды. Үнемі үйірдің артында жүреді, тай-құнандарды қасқырға алдырмайды. Басы етсіз, қамыс, мүкіс құлақ, салпы ерін, түйе тіс, кірпік-қасы, құйрық-жалы, кекілі мол, кеудесі кең, жүндес, бүккіштеу, шоқтығы биік, мықыны тар, жаясы жалпақ, бауыры жазық, қабырғалы (артынан қарағанда, қабырғаның қанатын жая жауып қалмай толық көрініп тұруы керек), бауыры жазық, жоны тартық болады.
  2. Ұмасы орайлы болса, үйірге түскенде шаршамайды. Төрт аяғын тең (ма      мақ емес), жерге қаққан қазықтай нық басады. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан тұрқы сәл ұзындау, тұяғы жұмыр, әрі берік, жерсоғары қалың, шашалы келеді. Кісінегенде арқырап бөліп-бөліп кісінейді.
  3. Жоғарыдағы сын-сипатқа ие айғырдың құлындары жүйрік туады. «Айғыр алпауыт болмай жүйрікке жарымайсың» деген тәмсіл тегін емес.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 233 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: