20:19
Аққулы (Лебяжі) ауданына – 80 жыл!

Жабағылы / Шарбақты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км қашықтықта орналасқан қоныс. Жабағылы қонысы – Жабағылыдан Қоянбайға шыға берген алаңда жеті жабағы адасып жүргендіктен Жабағылы жер деп аталып кетеді.

Жамбыл ауылдық округі / Шарбақты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км қашықтықта орналасқан қоныс. Жабағылы қонысы – Жабағылыдан Қоянбайға шыға берген алаңда жеті жабағы адасып жүргендіктен Жабағылы жер деп аталып кетеді.

Жамбыл / Елді мекен. Аққу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан, ауылдық округ орталығы. Қоныс атауы халық ауыз поэзиясының өкілі, қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) құрметіне байланысты қойылған.

Жанғон / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Қарақала елді мекенінен 11 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 7 адам (1970 жылы) болған. Жанғон атауы қонысқа тұрақтап қонғаннан хабар береді.

Жаңаауыл / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Қорт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта орналасқан. 1930 жылы Жаңаауыл, сталин ұжымшарлары ұйымдастырылып, кейін Қорт атауы пайда болды. жаңаауыл – «жаңа (революцияшыл) ауыл» деген мағынада. Бұл 1917 жылы пайда болған идеологиялық атау, «революциядан кейін өмірдің жаңаруын» сипаттайды. Осыдан басқа Ямышево ауылдық округінде Жаңаауыл қоныс атауы бар.

Жаңабаза / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 23 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 6 адам (1970 жылы) болған. Мал ұстау үшін жаңа базалар салғаны елді мекеннің атауында көрініс тапты.

Жаңабаза / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен 23 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 17 адам (1970 жылы) болған. Мал ұстау үшін жаңа базалар салғаны елді мекеннің атауында көрініс тапты.

Жарымқамыс / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің мал жайылымдық учаскесі. Ауылдық округ орталығы Шарбақты елді мекенінен 19 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 9 адам (1970 жылы) болған. Жарымқамыс – «биік құрақ өсетін (қоныс)» деген мағынада айтылады.

Жәлел базы / Бұрынғы елді мекен, Майқарағай ауылдық округіне қарасты қоныс атауы. Қорт ауылынан оңтүстікке қарай 5 км жерде қарағай баурайында орналасқан қоныс атауы.

Жүзқарағай / Қоныс атауы. Жүзқарағай дәлме-дәл – «жүз қарағай», «қарағайлы тоғай» деген мағынаны білдіреді. Жүзқарағай – «жазықта орналасқан қарағай (қарағайлы орман)». Шарбақты ауылдық округінде орналасқан.

Зомбы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Шарбақты елді мекенінен 22 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 16 адам (1970 жылы( болған. Зомбы – геноним, Бәсентиін руының бір тармағы.

Керат / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылық округінің шалғай учаскесі. Қарақала (Черное) елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 11 адам (1970 жылы) болған.

Керей / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Шарбақты ауылынан 16 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 50 адам (1999) болған. Елді мекен өз атауын Керей қонысынан алған. Керей өкілдері – Павлодар уезі аймағында өмір сүрген Орт жүздің алты тайпасының бірі. 1934 жылы елді мекенде «Ұйымдас» ұжымшары құрылды және 1940 жылға дейін Керей қонысы мен елді мекені Бесқарағай ауданына қарасты болған.

Кетік / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің шалғай учаскесі. Шарбақты елді мекенінен 19 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 15 адамды (1970 жылы) құраған. Кетіктің суы таза, тұщы болғандықтан «тәтті» құдық деп аталған.

Киров / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің шалғай жатқан учаскесі. Майқарағай елді мекенінен 10 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 2 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен Коммунистік партия мен Кеңес Одағының көрнекті саяси қайраткері С.М.Киров (Костриков) (1888-1934) құрметіне байланысты аталған. Киров тегі грек тілінен аударғанда – «қожайын, ие» дегенді білдіретін Кир есімінен өрбіген.

Киров / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің шалғай учаскесі. Бесқарағай елді мекенінен 20 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 53 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен Кеңес Үкіметі қайраткері С.М.Киров (Костриков) (1886-1934) құрметіне байланысты аталған. Киров тегі грек тілінен аударғанда – «қожайын, ие» дегенді білдіретін Кир есімінен өрбіген.

Көкжал / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округінің «Бесқарағай» орман шаруашылығының жайлауы. Шақа елді мекенінен 30 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 47 адамды (1970 жылы) құраған. Көкжал тура мағынада «жалы көк» жайылымдық жер дегенді білдіреді. Жергілікті ақсақалдар Көкжал – қасқыр атауымен де байланыстарды.

Көлібай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің шалғай учаскесі. Қарақала (Черное) елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 20 адам (1970 жылы) болған. Көлібай – «көлге бай (қоныс)». Көлібай – ер адам есімі, геноним (Қыпшақ тайпасының Бұлтын руы, Арғын тайпасының Қанжығалы және сүйіндік руларында кездеседі).

Красный рыбак / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округіне қараған. Елді мекен бұрынғы «Красный рыбак» артелі бойынша аталған. Мұндағы «қызыл» сөзінің мағынасы «жаңа, революцияшыл» дегенді білдіреді. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 398 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: