14:20
9-сыныптар куәліктерін алды
16 маусымда мектебіміздің 9 қазақ және орыс сынып оқушылары негізгі орта білім курсы бойынша КУӘЛІКтерге ие болды. Он алты оқушының оны - Ерсайынов Нариман, Жоламанов Рамазан, Жұмабек Мәдина, Қазбек Мағжан, Қадырханова Айнұр, Табылды Рустам, Важниченко Анастасия, Гроздюк Татьяна, Советова Зарина, Шәріпова Нұрила - тоғызжылдықты "4" пен "5"-ке тәмамдап, екпінді оқушылар атанды. Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеген сынып жетекшілер Берден Ш. (9 қазақ сынып) және Жұмашева М.Т. (9 орыс сынып), ата-аналар өзінше түлектер қатарын түзген оқушыларға сәттілік тіледі. Ендігі таңдау әр оқушының өз қолында я сара жолында. Сәт серік, сенім берік, таңдау ерік болсын! 
Просмотров: 929 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: