2015 жылғы 16-20 ақпан аралығында Павлодар облыстық білім және ғылым саласын бақылау Департаменті Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебін мемлекеттік аттестаттау сынынан өткізді. Құрамында алты комиссия мүшесі бар топты бастап келген аттестаттау комиссиясының төрайымы С.Оралова соңғы үш оқу жылы мен биылғы оқу жылының құжаттарынының талапқа сай ресімделуін, жүргізілуін тексерумен қатар, пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіліп жатқан бағалаудың критерийлі-дескрипторлы бағалау сүзгісін ашық сабақтарға сараптама-саралау жасау жүзінде үлкен еңбек етті. Айналдырған үш күннің ішінде мектеп бойынша жиырма төрт мұғалімнің ашық сабағына қатысты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын қаншалықты орындалып жатқанын 4, 9, 11 сыныптарда тест сынағы арқылы алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері маңызды компонент болды. Нітижесінде, талапты деңгейден аса алған бесқарағайлық оқушылар мен білім мекемесінің табанды дайындығы бірлесе келіп, аттестаттау комиссиясының шешімімен Бесқар ... Читать дальше »

Просмотров: 787 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/02/2015 | Комментарии (0)