2013 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық университет оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, әдіскер-жаттықтырушы Маняпова Тина Қабдылқасымқызы бесқарағайлық 26 мұғалімге арнап сын тұрғысына ойлау технологиясы бойынша әдістемелік семинар-практикум өткізді. Онда сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызды әдістері (стратегиялары) үйретілді, сарамаланды, тәжірибеленді. Семинарға қатысушыларға екі оқулық-кітап берілді. Мұнымен аталмыш оқулар аяқталған жоқ. Көктемгі демалыс кезінде Тина Қабдылқасымқызы қайыра келеді, Аллаһ жазса, мұғалімдерге сертификаттар табыстайды, тағы да басқа әдістерді үйретеді. Ашық сабақтарды тамашалайды. Демек, бесқарағайлық мұғалімдер оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға төселдіру жұмысына білек сыбана кірісіп кетпек. Сәттілік тілейміз.
Просмотров: 1030 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/01/2013 | Комментарии (0)