"Өрлеу" ұлттық біліктілік арттыру орталығында 19-23 қараша аралығында көптілді оқутыу хақында һәм басқа да оқу-әдістемелік жұмыс аясында теориялық-сарамандық сабақтар өткізілген-ді, ал 26-28 қараша аралығында институттан тыс орналасқан мекемелерде семинарлар өткізілді. Айталық, дүйсенбіде Фурманов-Құрманғазы көшелері қиылысындағы ҰБТ дайындайтын "EDTECH-KZ" халықаралық білім орталығына барсақ, сейсенбіде Жандосова, 61а-да орын тепкен электронды оқулық құрастырып, шығарумен айналысатын ұлттық ақпарат орталығында болдық, ал сәрсенбіде Момышұлы көшесіндегі А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясына барып, төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, ұйғыр) оқытатын білім ордасының керемет жұмысымен танысып қайттық. 
Просмотров: 927 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/11/2012 | Комментарии (0)