Биылғы жылдың 18 тамызда аудан орталығы Аққудағы мәдениет үйі менен Лебяжі ЖОББ мектебінің базасында дәстүрлі педагогикалық тамыз мәслихаты өтті. Пленарлық бөліміне аймақ басшысы Сағынтаев Б.Ә. және облыстық білім басқармасының бастығы Бексейітовв ханым қатысты. Мектептің ата-аналар Кеңесінің төрайымы Жанпейісова Ж.З. сахнадан баяндама оқыды. Марапаттау кезінде 2010/2011 оқу жылында ҰБТ бойынша аудан мектептері ішінде үшінші орынға ие болған біздің мектеп "Ынтымақты мектеп" атанып, сыйлық ретінде плазмалық теледидарға ие болды. Бәрекелді! Оның үстіне көрмеміз де көңілден әбден шықты. Ал секциялық жұмыста Қапанова Г.Ж., Оспанова М.Ж., Оспанов А.Е., Мазанова Б.Т., Құсманова Б.М., Елеусізова Н.М., Сейсембеков С.Н. баяндамалар оқыды. Салатанатты рәсімде қатарымызға екі жас маман қабылданды - Абылғазинова Гүлсұлу Құдайбергенқызы (физика) және Белгібаева Бақытжан Арманқызы (бастуыш сыныптардағы информатика). Қош келдіңіздер!
Просмотров: 775 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/08/2011 | Комментарии (0)