оқушылар демалыстың қызығын ожаулап-қасықтап татуда. Мүмкіндігі барлар ауылдан тыс мекендерге жол тартса, басым көпшілігі ауыл ішін тігінен-көлденең қыдырыстап жүргені. Ал орта және негізгі білім курсын тәмамдаған түлектер үшін бұл мезгіл мазаға толы. Өйткені жоғары және арнаулы-орта білім қууға бекем бел буған бозбала менен бойжеткен байқау һәм түсу емтихандарын тағатсыздана күтумен жүр. Келесі айда барлығы орнына келіп, айқындалатыны мәшһүр. Мұғалімдер және басқа да мектеп қызметкерлерінің басым бөлігі демалыс қызығын көруде. Айтпақшы, кей мұғалім осы жазда өз тағдырлас һәм өмірлік тең-жарын тауып, жанұялы-отбасылы болды. Айталық, осыдан тура бір апта бұрын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі әрі мектеп директорының оқу істері бойынша орынбасары Ибраһим (Шаһмантегі) Бегімхан Керімханұлы алаулатып-жалаулатып үйлену тойын өткізіп, Анар есімді ханыммен жұптасып, өз шаңырағын көтеріп, дардай отағасы атанса, осы мезгілде математика және физика мұғалімі Жұмашева Мейрамгүл Төлеубайқызын Нұрлан ... Читать дальше »
Просмотров: 986 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/07/2010 | Комментарии (0)