10:06
Тіл тарихы

ТЕРІМШІЛЕР МЕН АҢШЫЛАРДЫҢ ТІЛІ

Оңтүстік Африканың Калахари шөлінде және оның айналасында ағылшын тілінде «бушмен» деп аталатын адамдар тобы өмір сүреді. Қазіргі таңда оларды көбінесе «сан» деп атайды. Күні кешеге дейін сандар жеміс-жидек пен өсімдіктердің жеуге жарамды түбірлерін теріп, аңшылықпен күнелтіп келді. Оларда белдеріне байлаған бір жапырақ, өздерімен бірге алып жүретін бірнеше қару мен ыдыстан өзге ештеңе ьолған жоқ. Кейбір шағын топтар әлі де осылай өмір сүреді. Ауыл шаруашылығы алғаш пайда болған он мың жыл бұрын барлық адам шамамен осылай күнелткен.

Сан өркениеті және жер шарыынң басқа түкпіріндегі сандарға ұқсас өзге де топтар бізге адамзат пайда болғалы өмірдің қандай екенінен түсінік береді. Әрине, адамдардың бәрі дәл осылай өмір сүрген жоқ. Климат жағдайына, азықтың қолжетімділігіне және жергілікті салт-санаға байланысты әр жердің өзіне тән көптеген айырмашылығы бар еді. Әлі де солай өмір сүріп жатқандарға қарап, ежелгі терімшілер мен аңшылардың тіршілігі туралы бірқатар ой түюге болады.

Бүгінде сан тайпаларының өмірі қатты өзгеруде. Заманауи қоғаммен араласқандықтан, олардың дәстүрлі өмір салты жойылып барады. Жаңа жағдай олардың мәдени бірегейлігі мен тілдерінің жоқ болып кетуіне ықпал етуі мүмкін. Төменде соңғы кездері болып жатқан үлкен өзгерістерге назар аудармай, сан халқының дәстүрлі тіршілігі мен тілдері туралы баяндалады.

Сан халықтарының тілі хойсан тобына жатады. Сол топтағы «Нама» (немесе Хоэхоэговаб) деген тілде Намибиядағы 100 мыңнан аса отырықшы халық сөйлейді. Бұдан әріде тек хойсан тілдері әңгіме етіледі. Бұл тілдерде сөйлейтін халықтың жалпы саны – шамамен 70 мың адам.

Хойсан тілдері аса қатты зерттелмеген. Ол тілдерде ешкім жазбайды, олар тек сөйлесу үшін қолданылады. Бұл тілдердің сөйлеушілері шөлді жерлерде оқшау өмір сүреді. Кейбір миссионерлер, антропологтер және лингвистер бірнеше тілді зерттеп, олар туралы еңбектер жазған. Бұл анау айтқандай оңай шаруа емес. Бірінші қиындық – мүлде бөлек тілде сөйлейтін және бөлек мәдениеттегі адамдармен байланыс орнату; бірқатар себептерге байланысты олар бөтендерден қауіптенеді. Лингвист толық және сенімді сипаттама жасау үшін өзге тілдік ортада бір жыл немесе одан да ұзақ тұруы керек; бірақ бұл әдетте мүмкін емес. Әлі күнге дейін терімшілер мен аңшылықпен күн көріп жүргендер арасында зерттеушінің жүргені, бір жағынан, ыңғайсыздық туғызса, екінші жағынан, өзгеріс әуеледі. Шөл далада ауыл шаруашылығымен айналысатындар өздерінің қалай сөйлегенін бақылайтындарға емес, мұғалімдерге, әлеуметтік көмекшілерге, медбикелерге мұқтаж.

Осындай кедергілерге қарамастан, біз қазір хойсан тілдері туралы көп білеміз. Білгенімізге сүйеніп, адамзаттың өткен өміріндегі лингвистикалық жағдай туралы мәліметтерге негізделген болжам айтуға болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: