10:21
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТОЛҚЫНДЫ КӨПІР ДЕГЕН НЕ?

«Хендерсон толқындары» деген атқа ие көпір Сингапурда. Бұл Фабер және Телок Бланга Хилл саябақтарын жалғап тұрған өкпір толқынға ұқсас. Сан түрлі жарықтардан нұр тарап, көз жауын алады. Көпірге адамдардың тынығуы үшін демалыс орындары да қоса салынған.

 

ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕРЕМЕТІ ҚАЙДА?

Ол Францияда. Бұл – Мон Сен-Мишель тауы. Шамамен диаметрі 1 шақырымдай, биіктігі 92 метр келетін гранитті түзіліс. Сырт қарағанда кіші көрінгенімен бұл көлемді әрі сәулетті қала-қамал 709 жылы салнған екен. Бір ерекшелігі: мұнда әрбір 25 сағат сайын су көтеріліп, қайтып оытруы орын алады. Бір түннің өзінде су 10 метрге дейін көтерілетін көрінеді. Жылына екі рет бұл жер кіші аралға айналады.

 

БАЙЫРҒЫ КЕРЕМЕТ ТАС КОЛОННАЛАР ҚАЙДА?

Әлем кереметтерінің қатарынан орын алған, ешбір адам қолы тимей, техника жұмсалмай, жаратылыс құдіретімен жасалған табиғи түзіліс – алып тас колонналар – Солтүстік Ирландия жерінде.

Бұл колонналар осыдан 50-60 млн жыл бұрын, жанартаулық базальт лавасы жер бетіне шыққанда пайда болған. Лава суыған соң шытынап, жарылып, бір-біріне иық тірестіре жалғасқан, 40 мыңнан аса небір қалыптағы қырлы колонналарды құраған.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 170 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: