ЖАЗУ мен ҚОҒАМ

Қоғам қанша жыл өмір сүреді? Қазіргі қоғамның жасы қаншада? Бұған дейін Мысыр мен Қытай елдерінің пайда болғанына үш мың жылдан астам уақыт болғанын айттық. Бұған күмән келтіруге болады, өйткені еуі ел де өз тарихында шетелдік билеушілердің қоластында болды. Дегенмен бүгінгі Қытай қоғамы Конфуций ілімінің маңызды ықпалын әлі де сақтауда. Кейінгі мысырлықтар тура ежелгі мысырлықтардай иероглифпен жазып, әруақтарға табынған, олардың қоғамдық құрылымдары мен дәстүрлері ұзақ уақыт бойы сақталып келуі мүмкін.

... Читать дальше »

Просмотров: 163 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/08/2021 | Комментарии (0)

«АҒЫБАЙ БАТЫР» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Бірінші нұсқасында (қарағандылық жыршы Тәужи Айтанасовтан жазылып алынған) Кенесарының Түріемен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Бұл нұсқа толық емес. Екінші нұсқасы ақын, халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 жылы жазылып алынған. Онда Ағыбай батыр қалмақпен соғысып, ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Екі нұсқа да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. «Ағыбай батыр» жырының нұсқалары Орталық ғылыми кітапханасында және Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.

... Читать дальше »

Просмотров: 187 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/08/2021 | Комментарии (0)

БІР ҚҰДАЙ

Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратып, иосия патша өзгерістер жасауға тез әрі құлшыныспен кірісті. Сол сәтінде ғибадатханадағы бейнелер, пұттар мен құнарлылық символдары түгел сыртқа шығарылып, отқа жағылды. Оған қоса, иосия киелі орыннан Асираттың үлкен мүсінін шығарып тастады және ғибадатханалық жезөкшелердің әйел құдайға арнап киім тігетін бөлмелерін қиратты. Бүкіл елде пұтқа табынушылық орталықтарына айналған көне ғибадатханаларды жою қолға алынды. Тазартылған Иерусалим ғибадатханасында тек Яхвеге арнап құрбандық шалуға рұқса ... Читать дальше »

Просмотров: 198 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/08/2021 | Комментарии (0)

МҮШЕЛДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛСЕҢ, ЖЫЛ ҚАЙЫРУДЫ ДА ҮЙРЕНЕСІҢ

Қазақта жыл басы, күн мен түн теңелетін күн – Наурыздың 22-сінен басталатыны белгілі. Ал бір жылда 12 айдың болатындығы, әр айда орта есеппен 30 күннен болып, жыл аяғында, айлардан тыс, 5 күн қосылып, ол күндерді «бес қонақ» деп атайтынымызды бұған дейін де айтқанбыз. Әрбір 3 айдағы 90 күн – «тоқсан» деп аталған. Тоқсан сөзі жылдың ширегін немесе квартал ұғымын білдіреді.

Содан 12 ай өткенде, бір жыл боларын ескерсек, осындай 12 жыл бір айналғанда, бір мүшелге толады екен. ... Читать дальше »

Просмотров: 165 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/08/2021 | Комментарии (0)