08:31
Қазақ әдебиеті әлемінен

«АБЫЛАЙ ХАН» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалық шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын көркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нақтылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сұлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдың «Ұлттар» баспасынан жарық көрген 4 томдықта (1985), одан кейін «Абылай хан» атты кітапта (Алматы, 1993), «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының 1-томында жарияланды (1995).

 

АВАНГАРДИЗМ (франц. avantqardisme – алғы шептегілер) – қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, тіпті шынайы өмір шындығынан да алшақтай отырып, көркем өнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарын топтастырған ағым. Авангардизм негізінен Батыс Еуропада пайда болып, 20-ғасырдың 10-20 жылдары өнер мен әдебиетте толық қалыптасты. Авнгардизм көрінісі әлем әдебиетінде И.Р.Бехер, П.Элюар, Н.Хикмет, В.В.Маяковский, В.Незвал, т.б. шығармаларынан анық байқалады.

 

АВТОНИМ (грек. autos – өзі, нағыз және onyma – есім) – бүркеншік атпен жазатын автордың шын аты-жөні. Мысалы, Стендальдың нағыз есімі – Анри Мари Бейль. Қазақ әдебиетінде де оқырман қауымға өзінің нағыз аты-жөні емес, бүркеншік есімімен танылған жазушылар да бар. Айталық, Әкім Таразидың нағыз есімі – Әкім Үртайұлы Әшімов.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 196 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: