Пәлсапа пернелері

ИОГАНН ГОТЛИБ ФИХТЕ

(19 мамыр 1762 ж., Бишофсверда – 27 қаңтар 1814 ж., Берлин)

Неміс философы. Субъективтік идеализмнің негізін қалаушылардың бірі және неміс калссикалық философиясы өкілдерінің бірі.

Философиялық ілімдер ғылымдар теориясы (ғылымдар туралы ілім) ретінде қандай да болмасын білімнің негізін көрсетулері керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған ойшыл.

                                                                        

Философиялық шығармалары:

«Ғылым туралы ілім» (1794), «Адамның міндеті» (1800) т.б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық – абсолюттік «Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеңіндегі (сана – субъект) ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай – «басқа Менге» (табиғат – объект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы – екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі «Мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа Мен» - табиғат және материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез – бұрмалаушылыққа қарсы күресіп жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа «Мен» (табиғат-объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, «Менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. «Басқа Меннің» (табиғаттың, объектінің) әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бейсаналық іс-әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал «Меннің» іс-әрекеті деп Фихте субъектінің «әдептілік мінез-құлқын» айтады. Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты – әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «басқа Мен» дегеніміз, айналып келгенде, осы.
Фихтенің «басқа Мені», табиғаты, объектісі Канттың «өзіндік заты» сияқты санадан тыс өмір сүремейді, ол – сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміздің мазмұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар «Меннің (сананың) іс-әрекетінен туындаған «елестету» ғана. Демек, «Меннің» (сананың) бұл іс-әрекеті бірінші де, «басқа Мен» мен «басқа Меннің» ажыраспас бірлігін байқап «көруге» болады. Ұл қабілетті Фихте «интеллеуталды интуиция» деп атайды.
Фихтені пікірінше, әрекетшіл «Мен» әр уақытта да өзінің қарама-қарсының әсерімен қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. «Меннің» себепсіз іс-әрекеті – оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда болады, сөйтіп шексіз кете береді. Өзінің осы тәсілін Фихте «антитетикалық» тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі: антитезис тезистен шығарылмайды (диалектикалық тәсілдегідей), керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содан кейін барып олар бірігеді. «Антитетикалық» тәсілді қолдану арқылы Фихте теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау, елестету, ойлау тағы басқаша қарастыру негізінде) практикалық ақыл-ойдың негізгі мазмұнына, қабілетіне қарай ой түзейді. Осының арқасында субъект рет-ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысынан жоғарғы сатысына дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп-біледі. Сөйтіп, «ғылым туралы ілім» тәсілі адамзат ақыл-ойының даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, өзінше байланысқан адамзат рухының тарихы болып шығады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/04/2024)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: